57. 1 л метан толық жанғанда ауаның қанша көлемі жұмсалады?
58. Бұрын жүк автомобильдерінде орнатылған газ генераторларында қатты отын жағылатын. Қазір негізінен сұйық отын, ал соңғы кезде газ күйіндегілерінде қолдана бастады. Отынның қай түрлері айналадағы ортаны азырақ ластайды? Жауапты түсіндіріңдер
Отын - бұл белгілі бір процестер кезінде энергия шығаруға қабілетті зат, оны техникалық мақсатта пайдалануға болады.
Бастапқы органикалық материалдың көмірлену дәрежесі бойынша қатты органикалық отын ағаш, шымтезек, қоңыр көмір, тас көмір, антрацит (және жартылай антрацит) болып бөлінеді. Қатты отынның белгілі бір жерлерде қолдануға жарамдылығы оның химиялық құрамы мен қасиеттерімен анықталады. Ұшпа (жанғыш) заттардың шығуы және қатты қалдықтың сипаты (күйдіру, кокстеу), мөлшері бойынша түрлерге, маркаларға және сыныптарға бөледі. Петрографиялық құрамды білу отынды дұрыс пайдалануға (жағуға) және сақтауға мүмкіндік береді.
Сұйық отын. Табиғи сұйық отын - бұл мұнай. Шикі мұнай әдетте отын ретінде пайдаланылмайды. Өңдеуден кейін одан бензин, керосин, лигроин және түрлі майлар алынады. Мұнай айдаудың соңғы өнімі қазандық отыны ретінде пайдаланылатын мазут болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |