11. Атмосфералық ауаны ластаушы көздер
Атмосфералық ауаның ластануы адамдар ленсаулығының төмендеуіне, табиғатымыздың қоршаған ортамыздың тозуына әкеледі. Атмосфераның ластануы негізінен табиғи, сонымен қатар антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану адамзаттың әрекетімен байланысты болмайтын табиғи процестер нәтижесінде пайда болып жатады. Бұл атмосфераға жанартау күлі мен газдардың, ғарыштық шаңның (әр жыл сайын 150-165 мың тоннаға дейін), өсімдік тозаңының, теңіз тұздарының түсуіне байланысты болады.
Биологиялық процестер жэне вулкандардың белсенділігі нәтижесінде көмірсутектер атмосферадағы ауаға еніп жатады. Органикалық заттардың ыдырауы кезінде, негізінен, аммиактың, күкірт сутектің жэне де, азот оксидтерінің көп мөлшері түзіледі екен. Атмосфералық ауаны ластаудың антропогендік көздеріне энергетикалық қондырғылар, қазбалы отынды жағатын өнеркәсіптік кәсіпорындар, өндірістер, көлік, ауыл шаруашылығы өндірісі, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар кіреді.
Табиғи көздер, әдетте, антропогендік заттарға қарағанда зиянды заттарды көбірек шығарады. Алайда, антропогендік қауіпті болып келеді, себебі антропогендік зиянды заттар адамның тіршілік ету аймағында жиналады. Сонымен қатар, табиғи жағдаида бұрын болмаған зиянды заттар қазіргі уақытта атмосфералық ауаның ажырамас бөлігі, оның микроэлементтері болып табылады. Осы себепті атмосфералық мониторинг жүйесінде антропогендік ластанулар мен олардың көздеріне басты назар аударылып жүр.
Атмосфералық ауаны өнеркәсіптік ластаудың басты көздеріне энергетика, химия, мұнай өңдеу өнеркәсібі, металлургия, құрылыс материалдары, тыңайтқыштар өндірісі кәсіпорындары және т.б. жатады. Ұшақтардың қозғалтқыштарымен отынды жағу кэзінде шығарындылардың көп мөлшері пайда болып жатады. Ірі-ірі халықаралық әуежайларда күнделікті ұшақтармен ауаға 2000 т қатты бөлшектер, 20 т көміртегі оксиді, 10 т көмірсутек, 25 т азот оксиді, 600 т күкірт диоксиді шығарылып отырады. Сонымен қатар ірі қалаларда атмосфераны ластаудың негізгі көздерінің қатарына автокөліктер де жатады.
Ішкі жану қозғалтқыштарының шығатын газдар күрделі 200-ден астам компоненттерден тұратын қоспасы, олардың арасыдна көптеген канцерогэндер бар.
Шығарындылардың құрамында негізгі компоненттер: көміртегі оксидтері, азот оксидтері, бензапирен, көмірсутектер.
Сонымен атмосфераны ластаудың негізгі көздері:
Табиғи: жанартаудың атқылауы, орман жэне дала өрттері, шаң, жануарлардың бөлінуі, өсімдік тозаңы, және т. б. минералды, өсімдік немесе микробиологиялық тектес табиғи ластағыштар.
Жасанды: антропогендік, бірнеше топқа бөлуге болады:
Көлік-автокөлік, теміржол, әуе, өзен және теңіз көлігінің жұмысы кезінде пайда болатын ластаушы заттар.
Өндірістік-технологиялық процестер, жылыту кезінде шығарындылар ретінде пайда болатын ластаушы заттарды жатқызамыз.
Тұрмыстық-тұрғын үй секторында отынды жағуға және тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге байланысты ластаушы заттар.
Құрамы бойынша атмосфералық ластанудың антропогендік көздерін бірнеше топқа бөлеміз:
Радиоактивті ластағыштар;
Механикалық ластағыштар-цемент зауыттарының шаңы, қазандықтардағы, оттықтардағы, сонымен қатар пештердегі көмірдің жануынан, мұнайдың, мазуттың жануынан пайда болған күйе және т. б. жатады екен.
Химиялық ластағыштар-химиялық реакцияларға түсуге қабілетті болып келетін шаң тәрізді немесе газ тәрізді заттарды атаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |