71. Үй гүлдерін қоректендіру үшін 1 л дистилденген суға 2,5 г KNO3 , 2,5 г K2HPO4 және 10 г Ca(NO3)2 ерітіледі. Осы ерітіндідегі тұздардың массалық үлестерін анықта.
72.1 кг бензин (оның шамамен құрамы С-86%, Н-14% масса бойынша) толық жану үшін құрғақ ауаның теориялық қажетті мөлшерін есептеңдер. Ауадағы оттегінің мөлшерін массас бойынша 23% деп алуға болады, ауаның орташа салыстырмалы молекулалық массасы-29
73. Кеннің құрамында массалық үлесі 85% қоңыр теміртас бар екені белгілі. Егер кен құрамындағы темірдің 95%-ы бөлініп алынатын болса, онда 1000 т темір алу үшін кеннің қандай массасы қажет
74) Егер массасы 1,4 г белгісіз этиленді көмірсутегі, массалық үлесі 3% массасы 107 г бромсуын түссіздендіретін болса, онда бұл көмірсутегінің молекулалық формуласы қандай болады?
75 Құрамында көлемі бойынша мынандай болса:бар 2м3 табиғи газды жағуға ауаның қандай көлемі жұмсалады? Ауадағы оттектің көлемдік үлесі – 0,21.
76. 100 мл құдық суына 15 мл сілті қоспасы қосылып, осыдан түзілген тұнба сүзіліп алынды. Егер әрекеттеспей қалған сілті қоспасын титрлеуге 9,9 мл 0,1н тұз қышқылы ерітіндісі жұмсалған болса, зерттеліп отырған судың кермектілігі қандай болған?