1 Аударма үдерісі жайында



бет20/29
Дата16.01.2022
өлшемі69,62 Kb.
#24041
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29

1.7 Аударманың түрлері

Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады: 1) Ауызша аударма. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі; 2) Жазбаша аударма. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазбаша аударылады. Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал- тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді (Ауызша және жазбаша аударма туралы төменде кеңінен түсінік беріледі).

Қазіргі кезде аударманың түрлері оның әртүрлі белгілеріне қарай ажыратылып жүр. Мысалы, құрылымдық сипатына қарай: 1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы; 2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма); 3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы; 4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы [1, 47-48-бб.]; жанрлық-стилистикалық түрлеріне қарай: 1) көркем аударма; 2) ақпараттық аударма; 3) ғылыми аударма; 4) ресми аударма; 5) публицистикалық аударма; жарнамалық аударма [4, 94-108-бб.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет