1 Аударма үдерісі жайында



бет25/29
Дата16.01.2022
өлшемі69,62 Kb.
#24041
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Ауызша аударма – ілеспе (синхронды), ізбе-із аударма сияқты ауызша рәсімдеуді қажет ететін ауызша аударма түрлерінің басын біріктіретін ұғым. Аударма процесінде түпнұсқа мен оның аудармасы ауызша жасалатындықтан, аударманың бұл түрінде аудармашы түпнұсқа бөліктерін бір-ақ рет қабылдап, оны кейіннен салыстыруға немесе жасалған аударманы түзетуге болмайтынын ескертеді.

Ілеспе (синхронды) аударма – бастапқы мәтінді қабылдай отырып қатар жүзеге асырылатын ауызша аударма. Кәсіби аудармалардың бір түрі. Ауызша аударма Жазбаша аударма Ілеспе аударма Ізбе-із аударма Көркем аударма Ақпараттықаударма Парақтан аудару Абзацты-фразалы аударма Көркем аударма мәселесімен айналысушы ғалым Ә.Тарақов ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді атап өтеді:

а) бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған психофизиологиялық дискомфорт;

ә) баяндамашы не жарыс сөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы;

б) аударманың қайталанбауына және үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірім сұрауға келмейтіндігі;

в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизио- логиялық кедергі [14, 36-б.].

Ғалым ілеспе аудармамен шұғылданатын аудармашыда қажетті төмендегідей қасиеттер болу керек дейді:

а) аудармаға өзін-өзі бейімдей білу;

ә) ынта-зейінді сөйленген сөзге барынша бағыттау қабілеттілігі;

б) тосыннан туған кедергілерден шығуға қажетті қабілеттілік;

в) бірнеше тапсырмаларға бір мезгілде зейін аудара білу қабілеттілігі:

іс-әрекет жылдамдығы;

– сөз сөйлеу шапшаңдығы;

– психикалық және ден күш-қуатының төзімділігі [14, 36-37- бб.].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет