1-аумақтың бірлігі



Дата31.12.2021
өлшемі14,91 Kb.
#23411
Байланысты:
Гүлсім мемлекеттің белгілері мен құрылымы


Алдымен біз мемлекет деген не және бұл сөз қайдан шыққанын түсіну керекпіз."Мемлекет" сөзі ескі орыс тіліндегі "егемендік" сөзімен тығыз байланысты болып келеді.

Мемлекеттің бірнеше анықтамалары бар. Мысалы, әлемнің екінші ұстазы Аристотель мемлекет — бұл мүмкін болатын жақсы өмірге қол жеткізу үшін бір-біріне ұқсас адамдардың қарым-қатынасы деген пікір айтқан болатын.Википедия сайтын ақтарар болсақ мемлекетке мынадай ақпарат беруге болады:мемлекет — бұл үкімет пен оның органдары басқаратын, қолданыстағы тәртіпті сақтау және таптық қарсыластарды басу міндеті бар елдің билеуші таптарының саяси ұйымы, сондай-ақ осындай саяси ұйымы бар елдің өзі дейді.

Мемлекеттің белгілеріне келер болсақ біздің алдымызда мемлекет бар ма, жоқ па, оны анықтау оңай болатын негізгі белгілер бар. Сіз бағдарлай алатын белгілер:

1-аумақтың бірлігі;

2-заңнамалық қызмет;

3-егемендік;

4-күш қолдануға монополия (заңды мәжбүрлеу);

5-мүшеліктің міндеттілігі (азаматтығы);

6-салықтық алымдар;

7-көпшілік билік.

Тағы да көптеген қосымша белгілерін ажыратамыз. Оларға мыналар кіреді:

8-Мемлекеттік рәміздер;

9-бірыңғай қарым-қатынас тілі;

10-әскер;

11-ұлттық валюта.

Мемлекет ішінде бірнеше қызметтер бар екендігі барлығымызға мәлім:

Ең біріншіден- Экономикалық: мемлекет экономиканы дамытады. Атап айтқанда: мемлекеттік кәсіпорындар құрады, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және басқа да салаларды қаржыландырады және экономикалық салада заңдар қабылдайды.

Екіншіден- Құқық қорғау: мемлекет құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді. Атап айтқанда: адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды, азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың заңнаманы сақтауын бақылайды.

Үшіншіден- Әлеуметтік: мемлекет жеке адамның қауіпсіздігін және қоғамның барлық мүшелері үшін өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етеді. Мысалы, зейнетақы төлейді, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлейді, көп балалы отбасыларға көмек көрсетеді.

Төртіншіден-Мәдени-ағартушылық: мемлекет мәдени өмірді қолдайды және азаматтардың білім деңгейін қамтамасыз етеді, олардың мәдени өмірге, ғылымға, өнерге қатысуына жағдай жасайды.

Бесіншіден- Экологиялық: мемлекет өз еліндегі қоршаған ортаның ластануымен күресуде. Мысалы, заңмен ластануға тыйым салады және оларды бұзғаны үшін жазалайды.

Осы функцияларды жүзеге асыру үшін жиынтығында мемлекеттің құрылымын құрайтын арнаулы мемлекеттік органдар құрылды. Сонымен, мемлекеттің структурасына мыналарды жатқызамыз:

1. Мемлекеттік органдар – заң шығарушы және атқарушы. Биліктің үштігі туралы жиі сөз айтылады: заң шығарушы, атқарушы және сот.

2. Құқықтық тәртіпті қорғау органдары және сот төрелігі органдары. Бұған полиция, Ішкі әскерлер, сот, прокуратура кіреді.

3. Елдің ішкі қауіпсіздігіне жауап беріп қамтамасыз ететін органдар.



4. Елдің сыртқы қауіпсіздігіне жауап беріп, қамтамасыз ететін органдар (армия, Сыртқы барлау басқармасы, кеден қызметі, федерациялық Шекара қызметі).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет