42)Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы.
Жауабы:
Жәнібек пен Керейден кейін Қазақ хандығына Керейдің ұлы Бұрындық келді. Оның ел басқарған уақыты 1473/1474-1511 жылдар. 1511-1518 жылдар аралығында ел басқарған Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өрледі. М.Х.Дулати Қасымның бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізгенін, оның халқының саны 1 млн-нан астам болғандығын айтады. Сонымен бірге Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. М.Х.Дулати Қасым ханның әскер саны 300 мың деп көрсетеді. “Қасым ханның қасқа жолы” құқықтық заңына енетін ережелер – мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жоралары, жұртшылық заңы. Ол қазақтардың негізгі этникалық аудандарын Қазақ хандығына біріктіріп, бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді. 16 ғасырдың басында Қазақ хандығының шекарасы Солтүстікте және Шығыс Солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тауына дейін жетті. Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағы мен Сырдария бойындағы қалаларды қосып алды. Шығыс Оңтүстікте Жетісу жерінің басым бөлігі, Шу, Талас, Қаратал, Іле өзендерінің алабы қарады. Батыс Солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым хан тұсында хандықтың саяси-әкімшілік, сауда-экономикалық орталығы бастапқы кезде Сығанақ болды. Қасым хан алғашында Түркістан қаласында, ал өмірінің соңғы кезінде Сарайшықта билік жүргізген. Қасым хандығы Орта Азия хандықтарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сауда және дипломатиялық байланыстар жасады. 16 ғасыр Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды. Жер көлемі ұлғайды, халық саны артты, халықаралық беделі өсті, хандықтағы тартыстар азайды. Өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды. Қасым хан Мұхаммед Хайдар Дулатидың дерегі бойынша, 1518 жылы қайтыс болған. Ал орыс деректерінде 1521 жылы қыста Сарайшық қаласында қаза тапты деп айтылады.
.
43. Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі.
Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы (1538-1580жж) және Тәуекел(1586-1598жж)16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді.Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады.
44.Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты.
Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның ұлы Тәуекел (1582-1598 жж.) отырады.1582-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.
45.XVII ғ. және XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы.XVII ғ. және XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы.
XVII ғасырдың басында ішкі тартыстардың салдарынан Қазақ хандығы әлсіреді. Тәуекелдің інісі – Есім ханның билікке келуі Қазақ хандығының одан әрі құлдырауын тоқтатты. Қазақтың тағы бір ханы Тұрсын ханмен арадағы күрделі қарым-қатынасқа қарамастан, Есім хан Қазақ хандығын нығайту үшін бірқатар шаралар атқарды. «Есім ханның ескі жолы» («Древняя дорога хана Есима») атты заң жүйесі қолданылды. Көрші мемлекеттермен шайқастарда жетістіктерге қол жеткізілді. Ойрат тайпаларының бірнеше жорықтарына тойтарыс берілді. Қазақтың ұлы билеушілерінің бірі – Есім хан 1628 жылдың күзінде қайтыс болды. 1635 жылы ойрат тайпалары Қазақ хандығының басты қарсыласына айналған «Орталық Азиядағы соңғы көшпенді империя» Жоңғар хандығының негізін қалады. XVII ғасырдың 30-50 жылдары қазақтар жоңғар басқыншылығына қарсы күресті. 1643 жылы Орбұлақ шайқасы болды. Жәңгір хан қол астындағы 600 сарбазымен жоңғардың 50 мың әскеріне тойтарыс берді. 1680 ж. Тәуке ханның билікке келуі Қазақ мемлекеттілігінің жаңа сатыға көтерілуіне себеп болды. XVII ғасырдың аяғында Тәуке ханның тұсында мемлекеттілікті күшейту мақсатында «Жеті Жарғы» – Қазақ хандығының жаңа заңы қабылданды. 1715 ж. қазақтың үш жүзіне билігін жүргізген соңғы қазақ билеушісі Тәуке хан қайтыс болды. Оның өлімінен кейін қазақтың әр жүзінде өз ханы пайда болды.
46. XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы.
1718 жылы Аягөз өзені бойында жоңғарларға қарсы шайқас болды. Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен жау талқандалды. Алайда бұл жеңіс қазақ елінің ауыр жағдайын жақсарта алмады. 1723 жылы жоңғар əскері Қазақ өлкесіне басып кірді. Жетісуды, Қаратауды басып өтіп, Талас алқабындағы қазақ ауылдарын ойрандады. Бұл “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін” апатының басы болатын. Қазақ ауылдары туған жерлерін тастап, іргелес аудандарға үдере көшті. Жетісу өңірі қатты ойрандалды.
XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі халықтың қайғы-қасіреті баяндалған «Елім-ай» әні дүниеге келдді. Бұл негізнен тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама (1723-1725 жж.)» деген атаумен белгілі оқиға кезінде шығарылған. Жоңғарлардан қашқан халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жеткен.
Жоңғарлар 1725 жылы Түркістан мен Ташкентті басып алды . Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Есет, Саурық, Малайсары, Баян, Жəнібек, Райымбек, Наурызбай, Қарасай, Жауғашар батырларымыз туған жерді азат етуге бірікті. Біртұтас əскер ұйымдастыруда Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары 1726 жылдан басталды.
1726 жылы “Бұланты” шайқасы болды. 60 мыңдық қазақ-қырғыз əскері қалмақтарды талқандады. Бұл жер кейін «Қалмақ қырылған» деп аталды. Шайқастан кейін Қазақстанның солтүстік – батысы азат етілді. 1726 жылы Түркістанның оңтүстік-шығысында Ордабасы жиынында үш жүз жасақтары жауға бірігіп, соққы беру жөнінде келісімге келді. Əбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды. 1730 жылдың көктемінде (1729 ж.) Балқаш көлінің оңтүстігінде Аңырақай шайқасы болды. Əбілқайыр ханның басшылығымен үш жүздің əскері қалмақтарға күйрете соққы берді. “Аңырақай” шайқасынан кейін жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегініп, Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары Əбілқайыр мен Сəмеке аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Ұлы жүз əскері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады.
Оңтүстік Қазақстан өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды.
47 .Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы
XVII ғ. 30-жылдарындағы бытыраңқы ойрат тайпалары біртұтас мемлекетке бірігіп, Жоңғар хандығының негізін қалады. Қазақстан мен Орта Азия турасында ойраттар ұстанған сыртқы саясаттың күшейуі қазақ-жоңғар қарым-қатынасын шиеленістіріп, жиі-жиі әскери қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Жоңғарларға қарсы күресті Есім ханның ұлы Салқам Жәңгір хан (1629-1680) басқарды. 1635 жылы шайқастардың бірінде Жәңгір хан жеңіліс тауып, тұтқынға түседі. Бірнеше жыл тұтқында болған Жәңгір өзара бітімнен кейін босап, қазақ даласына оралды. Осыдан кейін Жәңгір жоңғарлармен бітіспес жауға айналады. 1643 жылы Батыр Қонтайшының өзі бастаған ойрат қолы қазақ даласына қарай қозғалды.
48.Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
Тәукенің тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған, бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекетке айналды. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген дәуірі, «алтын ғадсыры» саналады. Ол 1690 жыл шамасында «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы» ережелерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» деп аталатын жаңа заңдар жүйесін енгізді. Бұл заңдар мемлекетті нығайтуға бағытталды.Тәуке хан - билігі казақтың үш жүзіне тараған қазақтың ең соңғы ханы. Ол қайтыс болғаннан кейін олардың әрбіреуінде өз хандары сайланып, тұтас мемлекет жүздерге қарай ыдырап кетті. Тәуке хан 1715 жылы қартайған шағында дүниеден өтті. Ол да барлық ата-бабалары сияқты Түркістанда жерленген.
49)Тәуке ханның билікке келуі,оның саясаты.《 Жеті жарғы 》
1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді.
Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.
Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.
Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді.
Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.
Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.
XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиелінісе түті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы душпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иілігіндегі ұлыстарды жеке – дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады.
XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар 《Жеті жарғы》 деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Мазмұны жағынан «Жеті жарғы»үш бөлімнен тұрады:
-біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделсе:
-екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе:
- үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңа ережелерден құралды.
«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:
-Жер дауы заңы
-Отбасы және неке заңы
-Әскери заң
-Сот заңы
-Қылмысты істер заңы
-Құн заңы
-Жесір дауы заңы
Достарыңызбен бөлісу: |