51
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы—
Еуропада және Азияда 1922 жылдан 1991 жылға дейін
болған мемлекет. КСРО — 15 республикалардан құрылған ірі федерация болған, адамзаттың қазіргі
тарихындағы ең ықпалды мемлекеттерінің бірі еді.1991 ж 15 мемлекет тәуелсіздігін жариялап ,КСРО ыдырап
кетті.
ТМД-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы —
ыдыраған КСРО орнына 1991 ж.21
желтоқсанда
Құрылған халықаралық
ұйым
. 1991 ж. желтоқсанның 8-
інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы
Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991
ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін»
қолдайтындықтарынмәлімдеді.1991ж. желтоқсаннның 20ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қы
рғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-
ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі
салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық
міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы
желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты.
Достарыңызбен бөлісу: