1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


 Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі



бет11/81
Дата23.10.2023
өлшемі274,78 Kb.
#120876
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)

13. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі. 
Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. ІV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. ІІІғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды.
Б.з.б. ІІІ ғасырдың соңына қарай бірігіп, әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Ғұндар 24 руға бөлінген. Оларды бектер биледі. Өз кезінде 24 тайпалық одақтан құралған ғұндармен бүкіл Еуразия қос құрлығында иық тірестіретін бірде-бір ел болған емес. Махмұт Қашқаридың «Түркі тілдерінің сөздігі» атты әйгілі еңбегінде аталатын 24 тайпаның, сол сияқты қазақ фольклорында күні бүгінгі дейін айтылатын «24 баулы елдің» ғұн заманынан жеткен жаңғырық екеніне назар аударады (А.Сейдімбек. Шығармалары. 2-т., 22-б.). Әр рудың көшіп жүретін өз жері болды. Жоғарғы билеушісі «тәңірқұт» лауазымын иемденген. Қытай деректерінде ғұндардың жоғарғы билеушісі «шаньюй» деп аталады. Одан кейін түменбасылар деп аталатын бекзадалар тұрды. Олар Тәңірқұттың ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасылар тағайындай алатын еді.
ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫ
Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып біткен жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, этникалық жақындық, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда, ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уақыты жағынан алғашқылары сюнну болды. Б.з.б. III ғасырдың аяғында қытай деректемелерінде пайда болған сюнну атауы тегі әртүрлі тайпаларды біріктірген және Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ары-тұра таралып отырған саяси құрылымға қатысты болды. Ғұндардың құдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан «Ғұн» атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы болуы керек. Ғұндар туралы алғашқы деректер б.з.б. 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігіндегі көшпелі тайпалардың топтасуы нәтижесінде екі тайпалық бірлестік сюнну және дунху тайпалары қалыптасты.
Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.
Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.
Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.[2]
Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет