1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


тақырып:Ноғай ордасы.Аумағы және этникалық құрамы



бет27/81
Дата23.10.2023
өлшемі274,78 Kb.
#120876
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)

34 тақырып:Ноғай ордасы.Аумағы және этникалық құрамы
.Алтын орда ыдырап,Ақ орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой көтерген мемлекеттік құрылымдардың бірі - Ноғай ордасы.Ноғай ордасында басты тайпа маңғыттар болды.ХIII ғасырдың екінші жартысында маңғыттар Алтын орданың уақытша басшысы түмен басы Ноғай иелігінің құрамына кіреді.Осыдан барып “Ноғай Ордасы” ұғымы пайда болған.Ноғай Ордасы Еділ мен Жайық арасында мекендеді.Оның халқы Солтүстік батыста-Қазанға, Оңтүстік шығыста-Арал, Атырау өңірлерінің солтүстігіне, Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі жерлерде көшіп қонып жүрді.Оның орталығы -Сарайшық қаласы.Ноғай ордасының негізін қалаған Едіге.Ноғай ордасы құрамына Маңғыттар,Қоңырат,Найман,Арғын,Қаңлы,Алшын, Қыпшақ,Кенгерес, Қарлұқ,Алаша,Тама және т.б ру тайпалары кірді.Ноғай ордасының шекарасы тұрақты болмай, сыртқы жағдайларға байланысты өзгеріп отырды.XV ғасырдың екінші жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауынан өтіп,”Көшпелі өзбектердің”өріс-қонысын басып ала бастайды. Нәтижесінде ноғайлардың солтүстік-шыгыстағы өріс-қоныстары Батыс Сібірге дейін жеткен,ал Оңтүстік шығыста олар кейде Сырдария бойында,Арал теңізі жағасында көшіп жүрген.Ноғай ру- тайпаларының билеушілері Уакас би,Мұса мырза,жаңбыршы мырза және басқалары Әбілхайыр ханға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға көмектескен.Ноғай ордасында да сұлтандар мен ақсүйектер арасында хандық билік үшін талас тартыс үнемі жүріп,осы алауыздық орданың түбіне жетті.XV ғасырдың бірінші жартысында Ноғай ордасы ыдырап, оның орнына Қазан,Қырым, Астрахань хандықтары құрылды.Оның Қазақстан жеріндегі бір бөлігі қазақтардың Кіші жүзінің құрамына кірді.


35тақырып:Қазақ халқының қалыптасуының алғышарттары.
Қазақ халқы қалыптасуы үшін оған көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуге тура келді.Қазақ халқының бастауы болып саналатын сақ тайпаларының тікелей жалғасы – үйсін, қаңлы тайпалары. Бұл туралы қытай деректері «Өзі сары, көзі көк, атжақты сақ тайпалары үйсіндердің арасында жүр» деп көрсетеді.Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге бөлеміз. Біріншісі – үнді-еуропалық, екіншісі – түркілік. Алғашқы кезеңде Қазақстан тұрғындары үнді-еуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. III-I мыңжылдықтарды қамтиды. Екінші кезең Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың, соның ішінде ғұндардың батысқа қоныс аударуына байланысты қалыптасады.VI ғасырдың ортасында, 542 жылы Қазақстан жері түгелдей құдіретті, біртұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Одан соң Батыс Түркі қағанаты 603 жылы, Түргеш қағанаты 704-756 жылдары, Қарлұқ қағанаты 756-940 жылдары, Оғыз мемлекеті IX ғ.соңы мен XI ғ. Басы, Қимақ қағанаты 893 жыл мен XI ғ. Басы, Қыпшақ хандығы XI ғасыр мен 1219 жылдары, Қарахан мемлекеті 942-1212 жылдары өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуында, әсіресе, екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болды.Біріншісі – Қарахан мемлекеті, екіншісі – Қыпшақ хандығы. Бұлардың құрылуымен этникалық процестер жаңа кезеңге аяқ басты. Қазақ тілінің негізі – әдеби қыпшақ тілі құрылып, қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. XIII ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы басталып, қазақтардың халық болып қалыптасу процесі үзіліп, XV ғасырға дейін немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдеді. XIV-XV ғасырларда тайпалардың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. XV ғасырдың II жартысы мен XVI ғасырда қазақ халқының
негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет