Байланысты: 1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт (1)
73. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері 1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін туысқандық, теңдік және бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.1917 жылғы наурыз, сәуірде әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады. Орал, Верный, Ақмола, Əулиеата, Семейде қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері құрылды. Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Ол ипериялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының дін ұстануына, ұлтқа байланысты құқықтарын қандай да болсын шектеудің күшін жойды. Уақытша үкімет “бұратана жұмысшы жасақтарын” Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы Верный, Семей, Екібастұзда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды қосуға күш салды. Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым- қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі партиялардың мүшесі болып оралды. 1917 жылдың шілдесінде Верныйда “Қара жұмысшылар одағы” құрылды.Сергиопольде 800 майдангер солдатпен тыл жұмысына алынған қазақтар “Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын” ұйымдастырды. Петропавлда “Жас арбакештер одағы” құрылды. Тыл жұмысшыларының бұқарасы Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды.Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттығы идеясын таратушы, ұлттық сананы оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Ол күресті Ресей либералдық-демократиялық қозғалысының қайраткері, бұрынғы кадет партиясының мүшесі болған Ә.Бөкейханов басқарды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ə.Ермеков, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов оның пікірлес серіктері болған. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды.