27 :Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауишығармаларының әлемдік маңызы.
Әбу Насыр әл-Фараби
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарыныңарасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмініңең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында"Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылықмұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылымитрактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қалатұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оныңатақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемніңкөптеген тілдеріне аударылған.
Жүсіп Баласағұн
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тілбілімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениеттарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғіжыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды"хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді.
Махмұд Қашқари
Туған жері
Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстанжеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректеШу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болғанБарысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен.Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы.
Өмірбаяны
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Олкейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саясиорталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәрісалған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерденшыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештемеайтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтырумақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдатқалаларында болады, түркітілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өззаманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
Ынсапсызға ерік берсең,елді талайды.
Қожа Ахмет ясауи
Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбірдеректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен ГауhарХошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. IX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, СығанақШаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқаМауераннахрқалаларында ислам діні уағызшыларының белсендіәрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам іліміжолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейліорнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдарқалыптаса бастады.
28.Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы..
28.Шыңғысханның батысқа қарай жылжуы 1218-інші жылы қайта басталды. Шыңғыс хан өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуді Шыңғыс хан аса көп қарсылықсыз-ақ басып алды.
Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның жігерсіздігіне, оның діни қудалауларына, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс ханға мойынсынып, өз әскерлерімен оның қарамағына өтті.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.
29.Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы.
29. 1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж.
Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. 1239 ж. басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 ж. күзінде Бату Киевті
талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды. Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік
орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда
болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғ. аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен
сіңісіп кетті. Жеті жылдық соғыс нәтижесінде (1236-1242 ж.ж.) Батыйдың қол астына Еділдің батысынан Дунайдың төменгі жағына дейінгі жерлер қарайлды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі жағында Алтын Орда атты моңғол мемлекетін құрды. Территориялық аймағы – Шығыс Дешті Қыпшақ яғни Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан, Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезммен Батыс Сібірдің бір бөлігі, жаңадан жаулап алынған жерлер енді. Бату -1243-1255 жж., Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті.
30.Ақ Орда мемлекеті. (XIII ғ. соңы – XVғ. басы).
30. Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін
құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы – Сығанақ қаласы.
Ақ Орда 14 ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Ордадан біржолата бөліне бастады. 14 ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталды. 60- жылдары Сарай қаласында бір жылдың ішінде 4 хан ауысқан.
Осы тартысты пайдаланған Ұрұс хан билікті қолына алып, мемлекетті нығайтты. Әмір Темір Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орда мен Алтын Орданы басып алуға тырысады. Ұрұс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Әмір Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызды. 1395 жылы Әмір
Темір Тоқтамыстың орнына Ақ Орда тағына Қойыршақ оғланды (Ұрұстың баласы) хан етіп қойды.
Ақ Орда ханы Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасады. Әбілхайыр Шайбани Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрды. Ал Ұрұс хан ұрпақтары 15 ғасырда Ақ Орда жерінде Қазақ мемлекетін құрды
Достарыңызбен бөлісу: |