3. «Тактикалық дайындық» тарауы бойынша бақылау сұрақтары 1. Жаяу әскердің ұрыс машинасымен (ЖҰМ-2) қаруланған жаяу әскер бөлімшесінің құрамында қанша адам бар?
A) 10 адам; B) 9 адам; C) 8 адам; D) 12 адам; E) 7 адам.
2. Жалпыәскери ұрыстардың түрлері?
A) қорғаныс және шабуылдау; B) соққы және маневр; C) қорғаныс және марш; D) набуыл және маневр; E) қорғаныс, шабуылдау және барлау.
3. Қорғаныс дегеніміз не?
A) қарсылыасты маңызды бағыттарда (шектер мен объектілерде) ұстап қалуға бағытталған, әскерлердің іс-қимылы;
B) Қарсыластың үстем күшіне тойтарыс беруге, оны барынша шығынға ұшыратуға, жергілікті жердің маңызды ауданын (объектілерін) ұстап тұруға және сол арқылы шабуылға көшу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған ұрыстың бір түрі ;
C) Қарсыластың жауынгерлік ретінің тереңдігіне сенімді түрде енумен бірге шоғырланған оттық соққылар жасаумен бірге күш пен құралдарда үстемдік жасау арқылы қарсыластың қарсылығын тікелей еңсеру ;
D) марштан бөлімшелердің ұрысқа түсу мақсатында жылдам орналасуы мен әскерлердің жылдам және жасырын қозғалысынан тұратын, ұрыс алды маневрі болып табылады;
E) Біршама маңызды және жоғары қысымды ұрыстар мен соққылардың жиынтығынан тұратын, әскерлердің топтарымен бір шұғыл тапсырманы орындау мақсатындағы операциялардың құрамдас бөлігі.
4. Шабуыл дегеніміз не? A) қарсыласты маңызды бағыттарда (шектер мен объектілерде) ұстап қалуға бағытталған, әскерлердің іс-қимылы;
B) Қарсыласты талқандау (жою) және жергілікті жердің маңызды аудандарына (шептеріне және объектілеріне) ие болу мақсатында жүргізілетін ұрыстың түрі;
C) Қарсыластың жауынгерлік ретінің тереңдігіне сенімді түрде енумен бірге шоғырланған оттық соққылар жасаумен бірге күш пен құралдарда үстемдік жасау арқылы қарсыластың қарсылығын тікелей еңсеру ;
D) марштан бөлімшелердің ұрысқа түсу мақсатында жылдам орналасуы мен әскерлердің жылдам және жасырын қозғалысынан тұратын, ұрыс алды маневрі болып табылады;
E) Біршама маңызды және жоғары қысымды ұрыстар мен соққылардың жиынтығынан тұратын, әскерлердің топтарымен бір шұғыл тапсырманы орындау мақсатындағы операциялардың құрамдас бөлігі.
5. Соққы дегеніміз не?
A) қарсыласты жою мақсатында қолда бар барлық құралдармен зақымдауды қарсыластың жауынгерлік ретінің тереңдігіне сенімді түрдегі жылжуы;
B) Қарсыласты талқандау (жою) және жергілікті жердің маңызды аудандарына (шептеріне және объектілеріне) ие болу мақсатында жүргізілетін ұрыстың түрі;
C) бір түпкі оймен жүргізілетін мақсаттары, міндеттері, соққылардың, ұрыстардың және маневрлардың орны мен уақыттары бойынша өзара байланысқан және келісілген жиынтық;
D) Әртүрлі әскерлер тегінен тұратын құрамалар мен бөлімдердерден тұратын Қарулы Күштердің қандайда бір түрі ;
E) әскерлердің тактикалық іс-қимылдарының негізгі түрі, ол қарсыласты жою (талқандау), оның соққыларына тойтарыс беру және қысқа уақыт ішінде шектелген ауданда басқа да тактикалық міндеттерді орындау мақсатында құрамалардың, бөлімшелердің нысанасы, орны мен уақыты бойынша келісілген соққы беруі, оқ атуы, маневр жасауы.