293
ЛАМЕТРИ,
Жюльен Офре де Ламетри (1709–1751) —
француз дәрігері әрі материалист (атеист) - философы,
алғашқыда құдайсөзінің білгірі - богослов болса, содан
кейін Бургаведегі Лейденде медицина саласында қызмет
етті.
Шығармалары: «Жан туралы трактат», «Адам-
машина», т.б.
Басты идеялары: идеализм мен теологияны
толығымен теріске шығарды; дүниені толық тануға болады,
таным көзі – сезім мүшелері; тәрбие көрмеген адам қандай
қабілеті күшті, ақылды болса да, оның құны болмайды;
утилитаризмді қолдады, яғни адам өмірінің мәні – жеке бастың бақыты; жеке
меншік – адам еркіндігінің кепілдігі; мемлекет мұраты – «зайырлы
абсолютизм».
ЛАО-ЦЗЫ, Ли Эр, Лао Дань, Ли Боян, Лао Лай-цзы
(шамамен б.д.д.VІ–Vғғ.) — қытай философы, «Қарт
нәресте» немесе «Дана қарт» деген атқа ие болған,
«Дао дэ
цзин» философиялық трактатының авторы.
Даосизмнің
негізін қалаушы. Кейін Лао-цзы жеке тұлғасы мифке
айналдырылған. Хань династиясы кезінде ол «Аспан мен
Жерден» бұрын пайда болған дао ретінде қабылданады,
даостардың жоғарғы Құдайы – Лао-цзюнь («Қарт патша»)
ретінде сыйыну обьектісіне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: