163
Материя асқақ мүмкіндіктерге толы (П.Т.де Шарден).
Материя бізді жербауырлатып, қимылдатпай тастайды, әлсіз һәм күнәлі
қылып қояды. Бірақ сонымен бірге материя дегеніміз – бұл бар болу
қуанышы,
сезіну бақыты, жеңіске жеткізер күші, өсу-өркендеу
ғанибеті! (П.Т.де Шарден).
Заттың бәрінде де сыртына қоса онымен қатар өмір сүріп жатқан іші де
бар (П.Т.де Шарден).
Уақыт кеңістікті жеңеді (О.Шпенглер).
Сана инстинкттен босап қалған
жерлерді ғана қоныстайды
(Э.Дюркгейм).
Сана – болмыстың терең түкпірінде болып жатқан құбылыстарға әділ
қазы бола алмайды: өйткені ол онда жете алмайды (Э.Дюркгейм).
Психологиялық талдау – мәнге психологиялық талдау жасау деген сөз
(Ж.Делез).
Тілге бұйырған тағдырдың өзі – тәннен бөлініп шығу (Ж.Деррида).
Эволюция – сананың артуы. Сананың артуы дегеніміз – бірлесу үшін
әрекет жасау (П.Т. де Шарден).
Қазіргі сана өзін «Адам-Табиғат» жүйесін түсінуге
тым қауқарсыз да
қабілетсіз сезінеді (А.Адлер).
Табиғатта идеал жоқ. Ол өзінен-өзі моральді де,
моральсіз де бола
алмайтын фактілер мен қайталаулардан тұрады (К.Поппер).
Біз – табиғаттың өніміміз, бірақ сол табиғат бізге дүниені
өзгертуге,
келешекті алдын-ала болжап жоспарлауға және сол үшін бізге
моральдік жауапкершілік жүктелетін
маңызды шешімдер қабылдауға
мүмкіндік туғызатын билік те берген (К.Поппер).
Табиғатта – бастаудан асқан нәзік әрі ұшқыр ештеңе жоқ (П.Т.де
Шарден).
Табиғатта денсаулық болса, дерттің де болғаны (Э.Дюркгейм).
Табиғатты ғылыми тұрғыдан түсіндіру керек, ал тарихты түсіндіру
үшін поэтикалық творчество қажет (О.Шпенглер).
Біздің тәніміз жанымыздан бөлек қоректене алмайды (П.Т. де Шарден).