253
Қосымша сұрақтар:
Адамзаттың жарқын болашағы дегенді қалай түсінесің?
Қазіргі таңдағы адамзаттың болашағы немен байланысты?
Философиядағы болашақтың мәселесі.
Болашақты зерттеудің ғылыми және ғылыми емес әдістері.
Болашақ және ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП).
Адамзаттың ғаламдық
проблемаларды шешу қауқары қандай?
Ғаламдық проблемаларды шешудегі ақпараттық қоғамның алар орны
қандай?
Жер бетіндегі демографиялық ахуал. Өркениеттердің болашағы қандай
болмақ?
Нақыл сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп беріңіз!
Дүниені өзгерту үшін өзіміз өзгеруіміз қажет (М.Ганди).
Адам баласы зиянкес болғандықтан ғана талай зиянды іс істеледі
(Ш.Құдайбердіұлы).
Болашақты біліп болмайды. Бірақ күннің
тұтылу мерзімін есептеп
жүрген астроном осымен келісе қояр ма екен? (Л.Витгенштейн).
Болашағымызды машиналарға сеніп тапсырғаннан бері – сәуегейліктен
сән кетті (Э.Канетти).
Қайталауға арналған тест сұрақтары:
1. Қазіргі заманғы жаһандану проблемаларының бірі:
СПИД індетіне
қарсы күрес;
2. «Хиромантия» деген не? -
адамның болашағын болжаудың бір әдісі,
яғни алақан сызықтарына қарап адамның болашағын айту;
3. Болашақты болжаудың әдістері:
экстраполяция, эксперттік баға,
және т.б.;
4. Болашақты болжаудың бір әдісі:
тарихи аналогия;
5. Жоғарыдан төменге түсу немесе «кері қозғалыс» деген түсінік:
регресс;
6. Төменнен жоғарыға қарай қозғалысты сипаттайтын даму типі:
прогресс;
7. «Жердегі адамдар саны геометрикалық прогресс арқылы, олардың
өмір сүруі арифметикалық- есеппен өзгереді» деген пікірді айтқан
ағылшынның свещенигі, экономисі әрі демографы? -
Мальтус;
8. Саннан сапалық өзгеріске ауысу процесі:
секіріс (скачок);
9. Бiртұтастық немесе жаһандану iлiмiн Э.Тоффлер қалай атайды? -
холиз;
10. Футурология -
болашақты зерттейтін ілім;
11. «Білімді» және «ақпаратты» теңестіруге бола ма? -
жоқ;
12. Қазіргі ғылымда постмодернизмді ....... философиясы деп те атайды. -
жаһандану;
254
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ
АБАЙ, Ибраһим Құнанбайұлы (1845–1904) —
қазақтан
шыққан ұлы ақын, кемеңгер философ, қазіргі заманғы қазақ
жазба әдеби тілінің негізін салушы, композитор, қазақ
мәдениеті
Ренессансының
көрнекті
классигі.
Оның
дүниетанымында Құдай мен табиғат,
адам мен құдірет, жан
мен тән, өмір мен өлім көп орын алды. Абай, бір жағынан,
Құдай бар («Алланың
өзі де рас, сөзі де рас») деп, түсінсе,
екінші жағынан, дүниенің, әлемнің объективтік заңдылығы бар екенін
мойындайды. Сондықтан
ғылымды меңгеруге, дүниені танып-білуге
шақырды. Абайдың ойынша адамның ақылдылығы, саналылығы дүниені
зерттеумен, оның ішкі сырын білумен тығыз байланысты. Таным тұрғысынан
Абай
сананың, ақылдың рөлін жоғары бағалады. Дүниені тану,
ақиқатты
білу, ғылымды меңгеру Абайдың пікірінше, адамға тән қасиет болуға тиіс.
АБЕЛЯР, Пьер Абеляр (1079–1142) — француз арасынан
шыққан философ, теолог-схоласт, схоластикалық тәсілдің
негізін қалаушы және қорғаушысы.
Шығармалары: «Бар және
жоқ». Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін – жалқылар,
бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы
негізде әмбебап жалпы ұғымдар қалыптасады. Әмбебап
жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол
Құдайдың ақыл-ойында бар. Ол өзі жаратқан заттардың үлгісі болып
табылады.
Олай болса, жалқыларды зерттеп алған білім де, жалпылардың
шын өмір сүретіндігіне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеулері керек.
Адамға керекті нәрсе – оның іс-әрекеті емес, Құдайға деген сенімі. Абеляр
осындай екіұшты пікірлері үшін сынға түсті.
АБДО,
Мұхаммед Абдо (1849–1905) — қазіргі заманғы
мұсылман философиясының өкілі. Білім беру саласының
реформаторы, теолог, ғалым, Египет муфтиі (1898-1905). Әл-
Афганидің шәкірті, оның идеяларын жалғастырушы. Өз
еңбектерінде әділдік идеясын жазды,
исламдық биліктің мәні
мен мағынасы мәселелерімен айналысты. Оның әлеуметтік-
саяси ілімі: еркіндік, «аш-шура» – исламдық кеңесшілдік
ұстыны (исламдық консенсус), заң туралы ережелерде негізделеді.
АВГУСТИН, Аврелий Августин (354–430) — Киелі
Августин, Әулие Августин–Гиппонский епископы, философ,
христиандық құдайсөзінің білгірі (богослов) және саясаткер.
Шіркеу-Церковь Әкейлерінің бірегейі,
августинизмнің негізін
қалаушы. Христиандық тарих философиясының көшбасшысы.
XIIIғ. дейін Августиннің неоплатонизмі батысевропалық