1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ХАЙЯМ, Әбу-л-Фатх Омар ибн Ибрахим әл-Хайям



Pdf көрінісі
бет155/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

ХАЙЯМ, Әбу-л-Фатх Омар ибн Ибрахим әл-Хайям 
(шамамен 1048–?) — парсы математигі, астрономы, ақын, 
философы. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде 
болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері 
(рубаилары) осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс 
атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол 
замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген. 
ХАЛДУН, Әбу Зейд Әбдірахман ибн Мұхаммед Ибн 
Халдун әл-Хадрами әл-Эшбили (1332–1406) — араб-
мұсылман 
философы, 
тарихшы, 
саяси 
экономист, 
әлеуметтік 
ойшыл. 
Шығармалары: 
«Өмірбаян», 
«Мухассалдың мәні», «Үлкен тарих», «Муккадима» және 
т.б. Басты идеялары: ол өз іліміндегі экономикалық 
теориясында 
жеке 
меншік 
проблемасын 
әзірледі, 
материалдық ынталандыру қажет деп есептеді, салық салу 
проблемалары бойынша өте маңызды жобалар әзірледі. Әсіресе оның 
өркениет туралы теориясына қосқан үлесі өте маңызды. Өркениеттердің 
құлдырау және құру себептерін аша отырып, ол өркениет құриды, ал 
мәдениет қалады деген қорытындыға келеді. Өркениет қандай да бір қоғам 
дамуының жоғары сатысы болып табылады, бірақ одан соң, заңды түрде, 
гүлденуден кейін күйреу басталады.
ХЕЙЗИНГА, Иохан Хейзинга (1872–1945) — нидерландық 
философ, Голландия тарихшысы әрі мәдениет теоретигі. 
«Ойын танымы» ұғымын енгізді, оның пікірінше ойын- 
дегеніміз «трансценденция тілі», сол дүниеде адамдық іс-
әрекет, қылық еркіндігі толық ашылады. Өнер арқылы 
құбылатын ойын - бұл фәнилік пен бақилық, Адам мен 
Құдай, 
жердегі 
мен 
көктегінің 
айтысы 
кеңістігі. 
Шығармалары: «Ойнаушы адам» (1938). 
ХИЛОН, Хилон Спартанский (шамамен б.д.д. VIғ. 1-ші 
жарт, б.д.д. 556/5ж.ж.) — көне грек ойшылы әрі мемлекет 
қайраткері, әйгілі жеті данышпанның бірі. Лакедомондық 
атақты Дамагета әулетінде дүниеге келіп, ерте мемлекет 
ісіне араласады. Ұзақ жыл Спартадағы жоғарғы билікте 
жүріп, 
басқару 
жүйесінде 
әділдік, 
адамгершілік 
қағидаларының қалыптасуына зор ықпал етеді. Евфидем 
патшаның тұсында Спартадағы жоғарғы билік алқасының мүшесі, яғни эфор 


325 
болады. Туған ағасы оған сен эфор болдың, мен неге болмаймын деп 
ренжігенде ол: «Мен қиянатқа төзе білемін» деп жауап беріпті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет