352
мағынасында, затсыздандыру тиіс болатын заттанған қызмет ретіндегі
мәдениет феномені мағынасында жұмсалады, сондықтан оны обьектіге
жатқызуға болмайды.
ЗАТТАНУ және
ЗАТСЫЗДАНДЫРУ — үдерістегі қызметтің заттың
тұрақты формасына өтуін және затта жүзеге асқан мазмұнның тірі, үдерісті
қызметке өтуін белгілейтін марксшіл философияның категориялары.
ЗАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ — К.Маркс философиясының негізгі категориясы.
ЗЕРДЕ — пайыммен салыстырғанда ең жоғарғы ой қызметі, ол қарама-
қарсылықтардың бірлігін тануға қабілетті. Зерде мен пайымды ажыратуға
алғашқылардың бірі болып талпынған – Н.Кузанский. Кейін неміс
классикалық философиясы үшін мұндай ажырату маңызды болған.
ИДЕАЛИЗАЦИЯ (грекш. - түр, көлеңке) — шындығында бейнесі бар, бірақ
күнделікті
тіршілікте
кездеспейтін
обьекттерді
ойда
құрастыру,
конструкциялау.
ИДЕАЛИЗМ — идеалдық бастаманың (рух, құдай, сана, ой, логос, жан, идея
т.б.) алғашқылығы деп танитын жалпы философиялық ілімнің атауы. Бұл
аталмыш ұғымды алғаш рет ғылымға енгізген –
Г.В.Лейбниц.
ИДЕАЛДЫЛЫҚ — нақтылық категориясына қарама-қарсы қойылатын (жиі
айтылатындай «материалдық нәрсеге» емес) категория. Ол «идеалды»
(мінсіз) деген «идеал» ұғымынан туындайтын мәселе емес.
ИДЕЯ — ежелгі грек философиясында пайда болған категория. Демокрит
атомдарды идея деп атаса, Платон сезім арқылы қабылданатын әлемнің
ақылжетерлік әуелгі бейнелерін атаған және олар, оның пікірінше, шынайы
болмыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: