1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет203/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

И.Гейзер, Г.Гундлах және т.б. Бұл ілімнің негізгі қағидасы Ф.Аквинскийдің 
кейбір ескірген тезистерін қазіргі заманның талап-тілегіне сәйкестендіріп
философияның, ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып «дамыту». Бірақ 
томизмнің негізгі мазмұны – Құдай ең жоғары болмыс, ал денелер әлемі 
оның іс-әрекетінің нәтижесі, жанның өлмейтіндігі, т.б. да діни қағидалар
бұлжымастан қалған. Егер Фома философиялық ақиқаттар сенім ақиқатына 
қайшы келе алмайды десе, қазіргі неотомистер бұл пікірді одан ары қарай 
өрбітіп, сенім мен ақылдың (бұл жерде «ғылыми ойлау» деген мағынада) 
үйлесімділігі 
концепциясы 
тұрғысынан 
алғанда, 
ақыл 
өзінің 
пайымдауларында сенімге қайшы келгенге дейін еркін қалады деп 
тұжырымдайды. Сонымен қатар, неотомистердің пікірінше, философия 
ғылымға тәуелсіз болғанымен, діни қағидаларға тәуелді болып қалады.
НИГИЛИЗМ (латынш. - ештеңе) — мәдениет құндылықтарын, 
адамгершілікті, мемлекетті жоққа шығару. 
НИРВАНА — (дәлме-дәл ауд. «сөну») толық сабырлық және талғаусыздық 
жағдайға жету, нирвана – ең жоғары ләззат деп саналатын будда 
философиясындағы адамның жоғары рухани жағдайы. Нирванаға жеткен 
адам жердегі бұғаудан ытылып шығып, жоғарымен тілдеседі. Нирвана 
адамның жалғыз ғана мақсаты, арманы болуы керек. Бұл жағдайда карманың 
жиналуы тоқталып, тұлға мәңгілік сансарадан тыс тыныштыққа бөленеді. 
НОМАДОЛОГИЯ — қазіргі постструктурализмдегі ең жаңа бағыт. Бұл 
бағыттың қалыптасуы Ж.Делез бен Ф.Гваттаридің «Капитализм және 
шизофрения» деген еңбегіне (1932-1980) байланысты. Адамның виртуальді 
кеңістікке қоныс аударуы, обьективті шындықтан алыстауы, мәдениет 
феномендерінің симулякрларға айналуы олардың беттің үстімен еркін 
қозғалу жағдайын (мысалы, Ғаламтор сайттарында) туғызады. Болмыстың 
бұл түрі номадология деп аталады. 
НОУМЕН (гр. тіл. ауд. – ойға қатысты, ақылмен жетерлік нәрсе) — Платон 
трансценденттік идеяларды сипаттағанда қолданған ұғым. И.Кант 
философиясының таза ақыл идеясын белгілейтін негізгі ұғымы. Феноменге 
қарама-қарсы қойылады. 
НОМИНАЛИЗМ (латынш. – атау, есім) — «жалпы адам» дүниеде жоқ, адам 
қашанда нақты бейне. Ал «адам» деп жалпы айту тек нақты адамдардың 
бәріне тең, ортақ ұғым. Осы пікірді жақтаушылар – «номиналистер» деп 
аталды («Адам – тек жалпы атау, ал әрбір жеке адам осы атаумен аталады»). 
Универсалиялар мәселесін шешудегі реализммен және концептуализммен 
қатар ортағасырлық батысевропалық философияның негізгі бағыттарының 
бірі. 


370 
НООСФЕРА (ақыл–парасат сферасы) — биосфера дамуындағы, адамның 
рухани шығармашылығы шешуші мағынаға ие болатын ерекше кезең. 
Ұғымды ХХғ. -20ж. француз философы Э.Леруа енгізді. Араға ондаған жыл 
салып, Ноосфера теориясы Вернадский мен Тейяр де Шарденнің бір кезде іс 
жүзінде жасалған жұмыстарында өз дамуын тапты. Вернадский ғылыми 
білімнің пайда болуы мен дамуын тіршілік иесі эволюцияның негізгі векторы 
деп танып жоғары бағалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет