397
ЭЛЕАТТАР — қазіргі заманғы Италия жеріндегі б.д.д.VI-Vғ.ғ. өмір сүрген
ежелгі грек полисі. Элей мектебінің өкілдері: Ксенофан, Парменид, Зенон
және Мелисс. Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа
қадам болды. Егер Милет мектебінің өкілдері түпнегіз – физикалық дене, ал
пифагоршылар – сан десе, элеаттарда
түпнегіз –
болмыс. Элеаттар ілімінің
негізгі қағидалары мынаған саяды: түйсінген денелердің барлығын нақтылық
деп қабылдауға болмайды, керісінше, олардың бәрінде өздерін ақыл-ой
арқылы негіздеуге болатын мүмкіндіктері болуы шарт, себебі тек түсіндіруге
болатын заттар ғана нақтылы өмір сүреді.
Достарыңызбен бөлісу: