1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


 - кесте  ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БАТЫС ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет42/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   260
68 - кесте 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БАТЫС ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ
БАСТЫ ҰҒЫМДАР 
 
 
ҰҒЫМДАРЫ 
 
 
 ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ 
 
 
ДЕСТРУКЦИЯ 
 
М.Хайдеггердің фундаментальді 
онтологиясының негізгі ұғымдарының бірі; 
 
 
ИММАНЕНТТІ 
 
затқа, құбылысқа немесе прцеске ішкі тән 
қасиет немесе заңдылық; 
 
 
НООСФЕРА 

Ақыл-парасат ортасы (сферасы); 
 
 
 
ТЕХНОФОБИЯ 
 
техникалық іс-әрекеттер мен обьектілердің 
жаттанған дүниесін адамның өз болмысына 
қауіп төндіретін құбылыс ретінде қабылдауын 
бейнелейтін ұғым;
 
 
ФЕНОМЕНОЛОГИЯ 
 
әлем дегеніміз – әлемнің санада құбылуы, яғни 
әлемнің санада құбылуы феномен деп аталады
 
 
ЭМПАТИЯ 
 
сезіне білу, елігу 
– 
өзге адамның орнында бола 
білу қабілеті, ниетін, идеяларын түсіну; 
 
 
СИМУЛЯКР 
Түпнұсқамен байланысын жоғалтқан көшірме
 
 
 
РИЗОМА 
 
постмодерн жағдайының негізгі сипаты 
ретінде орталықсыздануды білдіреді. Ол – 
ағаш емес, інжугүл тәрізді өсімдік. 
 
 


118 
Қосымша сұрақтар: 

К.Ясперстің тарих философиясы. 

О.Конттың позитивизмі.

Структурализм. К.Леви-Стросстың концепциясы. 

Классикалық және бейклассикалық философияның негізгі 
ерекшеліктерін атаңыз? 

Неге жаңа философиялық парадигмаға өту қажеттілігі пайда болды? 

Неге Кьеркегорды бейклассикалық философияның негізін 
қалаушылардың бірі деп атайды? 

Үш экзистенциалдық саланы атаңыз және олардың сипатын беріңіз? 

Кьеркегордың философияның дамуына ықпал еткен негізгі идеялары 
қандай? 

Ф.Ницше шығармашылығының екі негізгі түсінігі қандай?

Ф.Ницшенің шығармашылық қалыптасуындағы үш кезең. 

Ф.Ницше тұжырымдамасындағы шығыстық сарындар: дионисишілдік 
пен аполлоншылдық. 

Асқан адам, билікке ұмтылу және мәңгі оралу туралы идеялар. 

Қазіргі философиялық антропология дегеніміз не? 

Шелер адам идеясын қалай анықтайды? 

Жан түрлерін атаңыздар және адам жаны үшін ең басты қағиданы 
түсіндіріңіз? 

Шелер тұжырымдамасының шығыстық адам туралы ілімдермен 
жақындығы неде? 

Персонализмнің негізгі міндеттері? 

«Тұлғалық универсумның» негізгі сипаттары қандай? 

Тұлғадағы басым нәрсе қандай болады? 

Қазіргі дәуір үшін персоналистер идеяларының өзектілігі неде? 

Экзистенциализм деген не? 

Экзистенциализм идеясы қазақтың философиялық ойына неге жақын? 

Еркіндік, өнегелі таңдау, жауапкершілік сияқты экзистенциализмнің 
негізгі қағидаларын сипаттаңыз? 

Ж.-П.Сартрдың: «адам өзі өмір сүретін дәуірді таңдамайды, бірақ сол 
дәуірдегі өзін таңдайды?» деген сөзін түсіндіріңіз? 

Философ М.Фуконы неге археолог деп атайды?

Фуконың шығармашылық дамуының үш кезеңін атаңыз? 

Фуконың «адамның жоғалуы» тезисінің мәні? 

Фуко Шығыспен сұхбат құрған ба? 

Постмодерн және постмодернизм терминдерінің айырмашылығы неде? 

Француз постмодернизмінің өкілдерін атаңыз? 

Неге постмодернизмді жаһандану философиясы деп атайды? 


119 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет