христиандық эволюционизм тұжырымдамасымен байланысты.
Шығармалары: «Құдай-
Орта» (1927), «Адам құдыреті» (1955) және т.б.
ТОЙНБИ ,
Арнольд Джозеф Тойнби (1889–1975) — британ
тарихшысы, философ әрі социолог-ғалымы, онекітомдық
салыстырмалы
өркениет тарихы бойынша жазылған
«Тарихты игеру» (Постижение истории) атты еңбектің авторы
(локальді өркениеттер тұжырымдамасымен белгілі).
Басты идеясы: Қазіргі адамзаттың дағдарысынан шығу жолын
ойшыл Бүкіл дүниежүзілік рухани бірліктен көреді. Ал ол
үшін дүниежүзілік діндердің аса қадірлі жақтары біріктіріліп, бірегей
Дүниежүзілік дін дүниеге келуі керек. Сонда ғана әр түрлі
цивилизациялардың басы бірігіп, бүкіл адамзаттың әрі қарай дамуына жол
ашылады, - деп санайды.
ТОЛАНД ,
Джон Толанд (1670–1722)
— ағылшын
философиясының
ХVІІІ-ғасырдағы
көрнекті
өкілі.
Шығармалары: «Христиандық
құпиясыз
білім»,
«Пантеистикон» және т.б. Оның ойынша, қайсібір Дүние
жөніндегі ақпарат түсінікті болуы керек, ал істейтін іс
мүмкін болуы қажет. Ақыл-ойға сыймайтын, оған қайшы
келетіннің бәрі жоққа шығарылуы керек, өйткені ол мүмкін
емес, я болмаса еш нәрсе емес.
ТОЛСТОЙ ,
Лев Николаевич Толстой (1828–1910) —
атақты орыс жазушылары мен ойшылдарының арасындағы
әлемдік деңгейдегі биік тұлға, граф. Севастополді қорғау
шайқасына қатысушы. Ағартушы, публицист, діни ағымдағы
ойшыл, оның беделді көзқарастары жаңа
адамгершілік- имандылық бағыт тағы – толстовстваның пайда болуына
әкелді.
Императорлық
ғылым
Академиясының
корреспондент-мүшесі, сөз қорын сақтау бойынша (изящная словесность)
құрметті академик. «Царство Божие внутри вас» еңбегінде жазып - көрсеткен
күш көрсетпеу идеясы кейін Махатма Ганди және Мартин Лютер Кинг
сияқты қоғам қайраткерлерінің істеріне айтарлықтай ықпал етті.