1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


БИОЛОГИЗМ  — әлеуметтік өмірді талдауда биология ұғымдары мен  заңдарын қолдану.  БИФУРКАЦИЯ



Pdf көрінісі
бет191/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   260
БИОЛОГИЗМ 
— әлеуметтік өмірді талдауда биология ұғымдары мен 
заңдарын қолдану. 
БИФУРКАЦИЯ 
(лат. - қосарлану, екіұдайлану, бөліну) — тепе-теңдіктен 
алыс тұрған жағдайларда әрекет ететін тетіктер. Ол қосарланған нүктелердің 
бар болуы мен даму барысының осы жолы жалғыз еместігін ұйғарады. Оның 
әрекетінің нәтижесін болжау өте қиын. 
БОЛМЫС
— адамнан тәуелсіз өмір сүретін шынайылық. Жалпы өмірдегінің 
барлығы немесе адам санасынан тысқары, тәуелсіз тұратын обьективтік 
шындықты және адамның өзін де бейнелейтін философиялық категория. 
Болмыс мәселесін қарастыратын философиядағы бөлім – 
онтология
деп 
аталады. Философияның қалыптасуының өзі болмыс мәселесін зерттеуден 
басталады. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірлерден бастап, 
Парменид
,
ортағасырлық философия, 
Гегель,
 
Хайдеггер
және т.б. болмыс мәнін ұғынуға 
тырысты. Болмыс ұғымы арқылы дүниенің бар екеніне иланып, оны 
құрайтын құбылыстардың бәріне тән, бәрін біріктіретін неғұрлым ортақ, 
жалпылық әлемдік байланысты іздестіреміз.
БРАХМА 
(миф) — индуистік үштіктің бас құдайы (Брахма-Вишну-Шива); 
әлемді жасаушы. 
БРАХМАН
— біртекті заттардың кейбір тобының субстанциясы; абсолютті 
субстанция; бар нәрсенің алғашқы негізі; атманға тең абсолютті сана; 
варнаның мүшесі. Брахмандар – Үндістанда таптық қоғам қалыптаса 
бастаған кезде абыз-брахмандар жасаған ведалық әдебиеттердің түрі. Онда 
ведалық мәтіндерге түсіндірме, рәсім-салт жинағы, құдайлар мен патшалар 
туралы әңгімелер кезігеді. Шатапатха-Брахман – адамның қасиеті туралы 
мазмұнды жинақтың бірі. Басқаша айтқанда, біріншіден, барлық заттардың 
негізінде жатқан, одан шығатын, онда бар және оған қайтып оралатын 
шындық. Брахман – бұл Упанишадта айтылғандай, Құдайдың атауы. 
Екіншіден, көне үнді қоғамындағы абыздық варнаның немесе кастаның 
(сословие) атауы. Діни қызметкерлерді Брахмандар деп, ал олар уағыздаған 
дінді брахманизм деп атады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет