1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Әбу- Насыр Әл- Фараби (870-950ж



Pdf көрінісі
бет93/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

2.Әбу- Насыр Әл- Фараби (870-950ж

Ұлы ойшыл, ғалым, энцеклопидист. Фараби (Отырар) қаласында туған, 
Бұқар және Бағдатта оқыған, Өмір бойы Аристотельден кейінгі «Екінші 
ұстаз» деген атақпен жүрді. 200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, бізге 
80-ге жуығы жеткен. Оның ірі еңбектері «Ғылымдарды жіктеу туралы сөз», 
«Ақыл туралы трактат», «Музыка туралы үлкен кітап», « Бақытқа жол 
көрсету», «Қала тұрғындарының көзқарастары туралы» және т.б. Әл- Фараби 
көптеген психологиялық еңбектердің авторы: «Жан туралы», «Темперамент 
туралы» «Ақыл және түсінік» және т.б. 
Фараби адамгершілік жіне рухани тәрбиеге, жеке бастың дамуына, еңбек 
іскерліктерімен дағдырларына, еңбексүйгіштікке, көркемдік музыкалық 
оқытуға, денсаулықты нығайту мен дене дамуына үлкен мән берді.
Оның әлеуметтік және философиялық көзқарастары Европа мен 
Шығыста алдыңғы қатарлы педагогикалық ойлардың дамуына үлкен әсер 
етті. 
3.Шоқан Уәлиханов (1835-1865) 
Шоқан Уәлиханов- қазақ халқының тарихында өз елінің болашағын
дұрыс болжап, сеніммен алға қараған, езілушілердің мүддесін қорғаған
тұңғыш демократы болған. 
Шоқан орыстың ХІХ ғасырдағы озат ойшылдары, революционер
демократтары Белинский, Чернышевский, Добролюбовтардың


167 
идеяларынан рухани нәр алды. Бірақ Шоқан ол ұстаздарының
дәрежесіне көтеріле алған жоқ. 
Шоқан- қазақ халқының шын мәнісіндегі тұңғыш ғалымы, оның
ғылыми жұмысқа құмарлығы және оған икемділігі сонау кадет
корпусында оқып жүрген кезінде-ақ белгілі бола бастады. Бұған
Г.Н.Потаниннің мына сөздері дәлел бола алады:» 14-15 жастағы Шоқанға
кадет корпусының бастықтары болашақ зерттеуші, тіпті ғалым деп
қарайтын. Шоқан ол кезде аса көп оқитын. Бұл көп оқуы сыншылдық
қабілетін өсірді. Оның адамгершілік мәселелері кейіннен өзінің
мамандығы болып кеткеншығыс филологиясы жөніндегі пікірлері бізді
таң қалдыратын». 
Шоқан өз халқының тарихына, мәдениетіне, ауыз әдебиетінің
нұсқаларына ерекше мән берді. Ол өзінің жинаған материалдары туралы
былай деп жазды. « Этнографиялық очерктер, статистік мәліметтер, тарихи 
хабарлар, үйсіндер мен қырғыз халықтық әдебиеттерінің ескерткіштерін 
бірнеше дәптер етіп жаздым».
Орыс жолдастары мен достары Шоқан қайтыс болғаннан кейін оның
жарияланбай қалған еңбектерін жинап бастырды. Шоқанның
шығармалары 1904 жылы Петербургте академик Н.И. Веселовскийдің
редакциясымен басылып шықты.
Шоқан тарихшы, географ, этнограф, әрі ауыз әдебиетін жинап
зерттеуші болды. Ол тек өз халқының ғана емес, Орта Азия және
Шығыс халықтарының да тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеді. Өзі
билеуші таптың ортасынан шыққанымен, шоқан қалың бұқараның
аяусыз қанап отырғанын көре білді, халықтың ой- тілегін, арман – 
мүддесін қорғады, қазақ даласындағы басқарушылық тәртіптің өзгеруін
қалады. Мұның барлығы да Шоқанның демократтылығын сипаттай
түседі. 
Шоқан Орта Азия елдерінің артта қалуына себепкер болған жағдай-
монархиялық тәртіп пен ислам діні екенін дұрыс түсінді. Сондықтанда
керітартпалыққа ұрындырып, дамуға кесел жасап отырған ислам дінін 
Шоқан қатал сынға алды. 
Ол жалпы дін атаулының прогреске бөгет болатынын, ғылым мен
мәдениеттің дамуына кесел жасайтынын, әсіресе ислам дінінің
реакциялық сипатын анық айтты.Ол тоқырау мен құлдыраудың себебі
болған, халықтың басын айналдырып, санасын улаған дінді орта
ғасырлық идеология деп санады. 
« Мұсылмандық туралы» деген еңбегінде Шоқан былай деп жазды:» 
Мұсылман изуверлігінің, дін фанатизмі атаулының бәрінің халықтардың
әлеумет өмірінің дамуына келтіретін зияны туралы көп айтып жатуды
артық деп санаймыз, Европадада теологияның етек алып кетуі
халықтардың дамуына мүлдем кесел болғаны белгілі» 
Орыс педагогикасыныәң прогресшіл идеялары да Шоқанның
ағартушылық көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының ғылыми
негізде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, халықтың


168 
жаппай білім алуын халқымыздың алдыңғы қатарлы, мәденитті елдерді
қуып жетуін аңсады. 
Ол мұсылман мектептері орнына, « ой мен сезімнің өсуіне бөгет
жасаудан басқа түк пайдасы жоқ, жансыз схоластика болмайтын
мектептер» ашуды талап етті. 
Ұлы ағартушы ең алдымен орыс халқынан үйрену керектігін, ол үшін
орыс оқуына бой ұрып,орыс оқуын қазақ даласына тарату халықтың
орыс деген достығын күшейтетіндігін,мұның өзі игі іс екендігін 
көрегендікпен болжады. Шоқан қазақтарға орыс тілінің маңызын баса
айтқан адамдардың бірі болды. «Орыс тілін білмеген қазақ,- деп жазды 
ол өзінің бір мақаласында,- оның заң-законын да білмейді» 
Шоқан туған халқының әдет-ғұрпы мен психологиясының біраз
жэақтарын талдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді
мейлінше сынады, бұларды қазақ қауымын ілгері бастырмайтын мерездер
деп ашынды. Мысалы осындай феодалдық өмірдің басты мерездерінің
бірі- барымта екендігін, оны жұрттың көпшілігінің баюдың, мал
жигнаудың ең жеңіл әдістерінің бірі деп қате түсініп жүргендігін
делеллдеді. 
Ол мұндай кәсіппен айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды,
ал белгілі бір кәсіппен айналысу зор ынта уақыт тілейді деп дұрыс
тұжырымдады. Осылайша ол жастарды мұндай жағымсыз кәсіптен
бойларын аулақ ұстауға шақырды. 
Шоқанның халықтық психология туралы пікірлерінде материалистік
тенденция басым. Бұл оның көптеген еңбектерінде анық байқалады. 
Мысалы « Записка №1» деген еңбегінде адам психикасы сыртқы ортаға,
әсіресе географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты
қалыптасып отырады деген пікір айтты. Бірақ Шоқан адам
психологиясының қалыптасуындағы тарихи- қоғамдық факторлардың
шешуші ролін дұрыс ұғына алмады. Оның ойынша, жұрттың сана- 
сезімін, әдет-ғұрпын географиялық орта билейд, Қа идеологиялық
факторлармен, ағартушылық әрекетпен жүзеге асырылатын
болады.Осыған орай адамның мініз- құлқы мен әдет- ғұрыптарының
қалыптасуында географиялық орта мен табиғаттың ролін Шоқанның
асыра бағалап жіберген кездері де болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет