1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет98/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Әбдіхамит Сембаев
(1905-1989) – ХІХ ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың 
70 жылдарына дейінгі Қазақстандағы халық ағарту ісі мен оқыту тәсілдерін 
жетілдіру мәселелерін қарастырған белгілі педагог. Мектеп туралы заңдар 
мен оқу жоспарына енген жаңа пәндер мен оқулықтарының жасалу жолы, 
орта мектептердегі оқу жүйесінің ІІ жылдық болып өзгеру себебі, оқуды 
өнімді еңбекпен ұштастыру, белгілі бір мамандықты игергені туралы куәлікті 
орта білім аттестатымен қатар алу т.б. мәселелерді сөз етеді. 
1956 
жылы 
ағартушы-педагог 
Спандияр 
Көбеев
(1878-1956) 
«Орындалған арман» атты мемуарлық кітабында оқу-тәрбие ісіндегі ұлттық 
білім туралы сөз қозғап, оқыту мен тәрбиелеу ісінің әдістемесін іс-әрекетпен 
байланыстыру тәсілдерін көрсетеді. 
1958, 1964 жылдары «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты зертеу 
еңбегінде 
Мәлік Ғабдуллин
(1915-1973) қазақ ауыз әдебиетінің тәлім-
тәрбиелік мәнін ашып, ғылыми талдау жасайды. 1966 жылы жазылған 
«Ата-
аналарға тәрбие туралы кеңес»
атты еңбегінде жастарды тәрбиелеуде 


178 
мектеп, ата-аналар және қоғамдық ұйымдардың бірлесе атқаратын жұмысын 
әдістемелік тұрғыдан ашып, ұстазды-ұлағаттық тұжырымдар ұсынады. 
Қартбай Бержанов
(1924-1976) 
Р.Г.Лембергтің жетекшілігімен 
жүргізген ғылыми зерттеу жұмысында Кеңес үкіметінің алғашқы 
жылдарында Қазақстан мұғалімдерінің әлеуметтік ағартушылық рөлі, 
олардың қызметінің ерекшелігі, мұғалім кадрларын даярлау жолы 
мәселелерін қарастырады.1966 жылы жазылған еңбегінде «Халық ағарту 
саласындағы орыс-қазақ ынтымағы», ана тіліндегі тұңғыш оқулық 
«Педагогика тарихы» (1971-1984), «Тәрбие мен білім берудің бірлігі» (1973), 
«Қазіргі педагогиканың актуальды мәселелері» (1974) сынды ғылыми 
еңбектерін жас ғалымдар мен мұғалімдер кадрларын даярлауда кеңінен 
қолдануға ұсынды. 
Жастарға 
адамгершілік, 
имандылық 
тәрбие 
беруде 
халық 
педагогикасының мән-мағынасын ашуда түйінді ой-пікірлер білдірді. 
Дидактика, эстетика, этика саласында жазған еңбектерін де бүгінгі күнгі жас 
зерттеушілер соны еңбек ретінде қарастырады.
1950-1970 жылдарда жүргізілген педагогикалық зерттеулерде бір немесе 
екі 
комплексті 
мектептердің 
оқу-тәрбие 
жұмыстары, 
интернат-
пансионаттардағы, 
жалпы 
білім 
беретін 
ауылдық 
мектептердегі 
педагогикалық процестерді ұйымдастырудың әдістері мен қағидалары 
(Т.Сабиров), қазақ бастауыш мектебіндегі сыныптан және мектептен тыс 
жүргізілген ұлттық тәлімге қатысты мәселелер (Қ.Мұқамбетжанова), қазақ 
мектебіндегі дидактика мәселесі (С.Қожахметов) қарастырылады. 
1980-90 жылдары педагогиканың дидактикалық-әдістемелік мәселелері 
ғылыми-әдістемелік негізде қарастырылды. Қазақстандағы мектеп оқу-ағарту 
ісінің даму тарихы, педагогикалық ой-пікірлер тарихы, ұлт кадрларын 
даярлау мәселелрі, комсомол, пионер ұйымдары тарихы, кәсіптік мамандық 
беру, еңбек тәрбиесі, ұлттық музыка құралдары арқылы жастарға тәлім-
тәрбие беру, музыка мұғалімі, бастауыш мектеп мұғалімі даярлығы 
мәселелері, пәндерді оқыту әдістемесі саласында ғылыми-зерттеу 
жұмыстары жүргізілді.
Қазақстанда педагогика ғылымы саласында жазылған еңбектердің мән-
мағынасы 
туралы 
И.Б.Мәдиннің 
«Қазақстанда 
советтік 
дәуірдегі 
педагогикалық ой-пікірлердің дамуы» (1979) еңбегінде және «Қазақстандағы 
мектептер тарихы мен педагогикалық ойлардың» екі бөлімдік көрсеткішінде 
(1987,1990 Ы.Алтынсарина ат. ПҒЗИ даярлаған) тұжырымдалады. 
Кеңестік білім беру жүйесі 70 жыл аралығында халықты жаппай 
сауаттандыру мәселесін шетті. Алдымен жаппай сегізжылдық білім беру 
заңы іске асты. 1980-90 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру 
саласында жұмыс жүргізілді. 6 жастан балаларды оқуға қабылдау мәселесі 
қарастырылды. Бүгінде дүниежүзі стандартына сай 12 жылдық білім беру 
мәселесі өз шешімін табуда. Мұнда да оқушылар 6 жастан оқуға 
қабылданады.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы ЮНЕСКО-ның білім саласындағы 
сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша КСРО дүние жүзінде екінші 


179 
орынды иеленді. ЮНЕСКО бақылаушылары ақысыз орта және жоғары білім 
беруді жоғары бағалады. Олардың көзқарастары бойынша Кеңес Одағын 
тәжірбиесін сақтап қалу тиімді,ол ұлтық негіздегі білім беру жүйесі, осы 
тәжірибеге сүйенуі керек. Бірақ, айта кететін бір жәйт, кеңестік білім беру 
саласында оның дамуына кедергі келтірген кемшіліктері де болды. әсіресе, 
Білім беру жүйесінің шектен тыс идеологияландырылуы, өмірден және 
әлемдік тәжірибеден алшақ болуы, тарихи-мәдени, этнопедогогикалық 
құндылықтарды ескерілмеуі, оқу орындары мен білім мазмұнының қатаң, әрі 
біркелкі болуы т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет