1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылықтың мәні, негізгі міндеттері мен функциялары


Қазынашылықтың міндеттері мен функциялары



бет3/9
Дата24.03.2022
өлшемі182,5 Kb.
#28615
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
kur -bjudzhettin-oryndaluyndagy-qazynashylyqtyn-roli-35

1.2 Қазынашылықтың міндеттері мен функциялары
Облыстар мен қалалар бойынша Қазынашылық Департаменттері Қазақстан Республикасының Қаржы Минимтсрлігінің Қазынашылық Комитетінің территориялық бөлімдері болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттің орындалуын қамтамасыз етумен, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуындағы оперуцияларды есептеуді қамтамасыз етумен және ашық шоттар бойынша мемлекеттік мекемелердің операцияларын жүргізумен айналысады.

Өз қызметтерін Департаменттер Қазақстан Республикасының Заңына, Конституциясына, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президентінің актілеріне, бұйрықтарына және басқа да нормативтік актілерге, сонымен қатар қазіргі уақыттағы Типтік ережелер негізіндегі жасалып бектіліген Ережелерге сүйене отырып жүргізеді.

Департамент өзінің қазақша және орыс тілдеріндегі есімі, штампы және мөрі бар заңды тұлға және ұйымдық-құқықтық негізде құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.

Өз құрылымында территориялық бөлімдер – аудандық, қалалық және қалалардағы қазынашылықтың тікелей бағынушылықтағы аудандық бөлімдерден тұрады. Олар да қазақша және орыс тілдеріндегі есімі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджет құралдарынан қамтамасыз етілетін банктегі шоттардағы ақшалай қаражаттары, штампы және мөрі бар заңды тұлға және ұйымдық-құқықтық негізде құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.

Қызмет ету барысында Департамент мемлекеттік бюджетке түсімдер, олардың жергілікті бюджет деңгейлері арасында бөлінуі, жергілікті бюджеттердің шоттары, мемлекеттік мекемелердің шоттары және республикалық және жергілікті бюджеттер арқылы қаржыландырылатын аударым операциялары мен олардың есебі бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар мен қарым қатынас жасайды.

Департамент туралы Ереже мен Департаменттің штаттық кестесі Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитетінің төрағасы мен жүзеге асырылады. Департаменттің штаттық санының лимиті Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитетімен бекітіледі.

Департамент қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Департамент кәсіпкерлік субъектілерімен өзі қызмет атқаратын құралдарына келісім жасауға құқығы жоқ. Табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру барысындағы табыстар республикалық бюджеттің табыстарын жатқызылады.

Департаменттің негізгі міндеттері келесілер болапы табылады:



  • республикалық бюджеттің орындалуы мен жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуын ұйымдастыру мен бақылау;

  • бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын орындау бойынша операциялар есебін қамтамасыз ету;

  • жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарымен бірдей нормативтік-құқықтық базамен қамтамасыз етілетін,бюджеттік түсімдерді қайта бөлу арқылы қатынасқа түсуге негізделетін барлық бюджет деңгейлері арасындағы толықтықты, реалистікті, транспаренттілікті, жауапкершілікті нақтылықты, бірліктілік принциптерін орындау арқылы жұмыс істеу;

  • мемлекеттік бюджетті орындауды қамтамасыз ету бойынша алдын-ала және ағымдық бақылауды қамтамасыз ету;

  • қазынашылық орган жүйесіндегі ішкі бақылау мен бюджеттік жүйесіндегі бухгалтерлік есеп пен есеп беруді дамыту;

  • ақпараттық қауіпсіздік саласында нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қызмет етуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;

  • Қазынашылық жүйенің ақпараттық интеграцияланған қызметін қамтамасыз ету.

Департамент тағайындалған заңдылық бойынша келесі қызметтерді орындайды:

  • мемлекеттік бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік бюджет құралдарынан қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелердің қаржыландырылу жоспарларына, жергілікті бюджеттер бойыншабюджеттік бағдарлама әкімшіліктерін қаржыландыру жоспарларына, мемлекеттік мекемелердің кірістері мен шығыстарын қаржыландыру жоспарларына, өзгерістер енгізу;

  • республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне рұқсаттар енгізу;

  • республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттерін тіркеуді жүзеге асыру;

  • республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің төлеуге шоттарын бекіту, өзгерту, сақтау;

  • республикалық және жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелердің шоттарына,валюталық шоттарға, жергілікті бюджеттер бойынша қолма-қол шоттарға бақылау шоттарын енгізу;

  • республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын және мемлекеттік мемкемемен жүргізілетін валюталық операцияларға валюталық бақылау жасау, сатып алуға, сатуға, шетел валютасын ауыстыруға өтініштер құрау;

  • экспорттық-импорттық валюталық бақылау бойынша есеп беруді ұйымдастыру;

  • табыстар бойынша бюджеттік жіктеме кодтары арасындағы және салық органдары арасындағы ауыстырулармен байланысты операцияларды жүргізу,дұрыс есептелмеген салық пен басқа да бюджетке төлемдер сомаларын қаутару мен есептеу бойынша төлеуге шоттарды бекіту, өзгерту, сақтау;

  • республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің тапсырысы бойынша тауар, қызмет, жұмыстарды орындау бойынша жабдықтаушыларға анықтама енгізу;

  • республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын кассалық шығындар мен бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын есептеуді, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатыншоттар бойынша, ақылы қызметтер бойынша, демеушілік көмек бойынша, депозиттік құралдар бойынша есептеуді жүзеге асыру;

  • активтер қозғалысы мен қолма-қол ақшаның есебін жүргізу;

  • республикалық бюджетте бекітілген сома көлемінде Астана,Алматы қалаларынан, облыс бюджеттерінен республикалық бюджетке алынымдарды есептеуді қамтамасыз ету;

  • республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді екінші деңгейлі банктердің қолма-қол ақшалары арқылы қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

  • республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша мемлекеттік мекемелермен жүргізілетін төлемдердің негізділігіне бақылау жүргізу мен жергілікті бюджеттер бойынша төлем пакеттерін ұйымдастыру;

  • республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кассалық шығындарын ауыстыру немесе қайта қалыптастыру;

  • жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуы бойынша жергілікті атқарушы, салық, кеден органдарына ақпаратарды жеткізу;

  • жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша есеп беруді құрастыру;

  • республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатынмемлекеттік мекемелергебағдарлама бөлімі бойынша берілген рұқсаттар мен кассалық шығындар туралы, , шоттар бойынша жасалған операциялар туралы ақпараттар ұсыну;

  • жергілікті бюджет қолындағы қолма-қол ақшасы бар бақылау шоттарының жағдайы туралы күнделікті ақпаратты құрастыру;

  • Қазынашылықтың территориялық органдарында ішкі бақылауды жүзеге асыру;

  • Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мекеменің бухгалтерлік есебін тексеруді жүзеге асыру;

  • қаржылық тәртіпті сақтауға бағытталған ұсыныстарды дайындау мен мемлекеттік құралдарды тиімді және мақсатты қолдану;

  • жүргізілетін операциялардың заңдылығын қадағалау;

  • бағдарламалық – аппараттық және телекоммуникациялық кешенді қамтамасыз ету;

  • қазынашылықы органдарында ұйымдастырушылық кадрлық жұмыстарға байланысты және жұмыскерлер квалификациясын жоғарлату бойынша шараларды жүзеге асыру;

  • қазынашылық оргағдардың қаржылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;

  • басқа да қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.

Қала және аудан бойынша Қазынашылықтың территориялық органдары келесілерді орындайды: мақсатты қаржыландыру қорлары мен республикалық бюджеттің орындалуы, мекемелерді қамтамасыз етуге қатаң түрде құралдарды бөлу, заңда қарастырылған шамада жергілікті және республикалық бюджетер арасында реттейтін табыстарды бөлу, республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының және мақсатты қаржыландыру қорларының орындалғаны жөнінде бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүзеге асыру, есептелген мәліметтерді жоғары тұрған территориялық Қазынашылық органына тапсыру және осы тапсырғандар бойынша жауапкершілікте болу,салықтық инспекциясымен келісім бойынша республикалық бюджетке артық немесе қате төленген салықтарды қайтару, жергілікті салықтық және қаржылық органдармен қызметтерді шоғырландыру.

Заңнамада белгіленген жағдайларда және шекте Комитетке мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Келесі жағдайда комитеттің қызметін үйымдастыруды қарастырамыз. Біріншіден, комитетті Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының екіншіден, комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын, санын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын орынбасарлары болады. Үшіншіден, төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет