1 Қазақстан республикасындағы баспа ісі жағдайы және дамуы


Шығындарды пайда болу бағыттары бойынша бақылау



бет15/18
Дата20.10.2022
өлшемі367,69 Kb.
#44418
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
3.2 Шығындарды пайда болу бағыттары бойынша бақылау

Баспа ісіндегі шығындарды пайда болу бағыттары бойынша бақылау бүкіл баспа ұйымының өндірістік қызметін басқаруға мүмкіндік береді. Баспа ұйымындағы өндірістік процуестерді басқаруды жүзеге асыру келесідей бағыттарда жүзеге асырылады.


1. Баспаның автормен (авторлар ұжымымен) келісім-шарт жасалғанға дейінгі жұмысты ұйымдастыру. Баспаның перспективалық тақырыптық жоспарына сәйкес болашақ басылымға қатысты ұйымдастырушылық-творчестволық жұмысты жүзеге асыру мақсатында баспа авторларды және авторлар ұжымын тартады. Автормен бірлесе отырып, авторлық түпнұсқамен жұмыс істеу және әрі қарай редакциялық-баспалық өңдеу және түзетулер жасау мақсатында редакция меңгерушісі бас редакторды тағайындайды. Алдын-ала жұмыс барысында редактор болашақ басылымның түрін, мақсатты бағытын айқындап, оның бұрынғы басылымдардан ерекшеліктерін ажыратады.
Бас редактор автордың ұсынған жоспарын, немесе жоспарланған жобасын толық зерделейді және автордан түпнұсқаның бір бөлігін талап етуге құқылы болады. Алдын-ала жүргізілетін жұмыстың нәтижесі авторлық келісім-шарт түрінде рәсімделуге тиіс, онда түпнұсқаға қатысты сәйкестік шарттары көрсетіледі. Жоспарды немесе жоспарлы жобаны бағалауға редакциялық бөлім қызметкері бекітіледі. Типтік Ереже бойынша авторлық тапсырыс жасау, жоспарлы-жобаны қарау, жеке бір бөлімін қарау бойынша алдын-ала жұмыстар жүргізу мен баға беру мерзімі тапсырыс қабылданғаннан кейін 1жарым айдан аспауы қажет. Осы уақыт аралығында тағайындалған редактор баспа атынан авторға оның тапсырыс қабылданатындығын, немесе кері қайтарылатындығын хабарлауы қажет. Келісім-шарт жасалғанға дейін баспа басылымның рентабелділігін жуықтап бағалайды.
2. Автормен (авторлар тобымен) келісім-шарт жасау.
Баспа автормен келісім-шартты екі дана етіп рәсімдейді. Бірінші данасы бухгалтерияда сақталса, екінші данасы авторға беріледі. Келісім-шарттың көшірмесі осы басылым бойынша іске тігіледі. Келісім-шартқа жауапты редактор, редакция басшысыжоспарлау бөлімінің меңгерушісі, заңнамалық кеңесші, бас бухгалтер, бас редактор өздерінің қолдарын қойып, бекітілуге тиісті. Келісім-шарттың рәсімделуі мерзімі 2 аптадан артпауы қажет.
Авторлық түпнұсқаны қабылдаған кезде жауапты редактор келесі жағдайларды тексереді:

  • авторлық түпнұсқаның рәсімделу сапасын тексеру, (толық жинақталғандығын, ОСТ 29.115-88 талаптарына сәйкестігін, берілген түпнұсқаның келісім-шартта көрсетілген үлгісіне сәйкестігін);

  • авторға баспаға түпнұсқаның алынғандығы жөнінде қол хат беруге тиіс (қол хатта автор, басылым аты, баспа бет көлемі, авторлық тексттік түпнұсқалар саны, суреттердің түпнұсқалары, түпнұсқаны алған уақыт және келісім-шарттың рет саны көрсетіледі).

Егер авторлық түпнұсқа кемшіліктерімен тапсырылған болса, онда баспа қызметкері түпнұсқаны авторға не себепті түпнұсқаның қабылданбайтындығын түсіндіріп, түзетуге қанша уақыт берілетіндігін көрсете отырып ілеспе хат жазады. Қайтадан қабылданған түпнұсқаны жаңадан қабылданған үлгі ретінде қарайды.
3. Авторлық түпнұсқаны бағалау, сын пікір беру және мақұлдау. Авторлық түпнұсқа қабылданғаннан кейін аз ғана шектеулі уақытта мәнділігіне қарай бағалануы қажет. Бірінші болып бағаны жауапты редактор береді, ол бірнеше шешім ұсына алады: түпнұсқаны әрі қарай редакциялық-баспалы өңдеуге жарамды деп таниды және сын пікір берушіге жіберіледі, немесе авторға баспа көрсеткен кемшіліктерді жою мақсатында қайтарылады.
Авторлық түпнұсқамен және жауапты редактордың қортындысымен редакция меңгерушісі танысады, өз қолын қою арқылы растайды да құжатты бас редакторға жібереді.
Сын пікір білдірудегі басты мақсат авторлық түпнұсқаларды жоғары ғылыми, әдеби артықшылықтары бар, идеясы жоғары түпнұсқаларды қатаң түрде іріктеп алу болып табылады. Сын пікірлер саны 3 данадан аспауы қажет, рецензенттерді бас редактормен келісе отырып, редакция меңгерушісі белгілейді. «Полиграфкомбинат» ЖШС-і оқулықтар, оқу құралдарын шығаратын болғандықтан және оларға арнайы гриф берілетін болғандықтан оларға рецензенттерді Білім министрлігі бекітеді. Авторлық түпнұсқамен бірге қандай сұрақтарға жауап алғысы келетіндігін көрстеілген баспа тарапынан жазылған хатты рецензентке жібереді. Рецензентке келісім бойынша ақы төленеді.
Рецензенттердің сын пікірімен танысқаннан кейін авторды хабарландырады және басылым жөнінде соңғы келісімдерді жасайды.
Басуға жарамды деп атнылған басылым бойынша жауапты редактор жарамдылығы жөнінде акт толтырады және оны редакция меңгерушісі мен бас редактор бекітеді. Осы акт негізінде авторлық қалам ақы есептелінеді және төленеді. Бұл қалам ақы есептеудің ресми құжаты деп танылады.
Осыдан кейін жарамды басылымды редакциялық-дайындық жұмыстарының жоспарына қосады.
4. Баспаға қабылданған авторлық түпнұсқамен редакциялық жұмыс жасау. Баспаға қабылданған авторлық түпнұсқа өндіріске жіберуге дайындықтан өтеді, ол екі әдіспен жүргізіледі: корректуралық алмастырумен, корректуралық алмастырусыз.
Өндіріске корректуралық алмастыру арқылы дайындалатын болса, онда:
- авторлық түпнұсқаны, оның ішінде суреттерді, графиктік материалдарды редакциялау;
- редакцияланған материалды толық немесе жартылай қайта теру; қайта терілген текстті қайта оқу және өндіріске жіберу мақсатында техникалық тұрғыда даярлау;
- басылымның көркем-техникалық безендірілуіне байланысты өңдеуді жүзеге асыру;
- авторлық түпнұсқаны өндіріске жіберуге жинақтау.
Редакциялау –күрделі және көп сатылы процесс. Жауапты редактор мен автор бірлесе отырып жүзеге асырады. Редакциялауға осы білім саласына қатысты шттаттан тыс мамандар да қатыстырылуы мүмкін. Жауапты редактормен бірге мұқабалық редактор мен арнайы ғылыми редакторлар да бекітіледі. Мұқабалық редактор мен арнайы ғылыми редакторлар басылымның мазмұнының бүгінгі күнгі отандық және шет елдік ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес болуын қадағалайды.
Түпнұсқа өзгертілетін болған жағдайда кез-келген өзгертулер автормен келісілуі қажет. Өндірістік бөлімге тапсырылғанға дейін автордың қол қойылып, расталуы қажет.
Болашақ басылымның түпнұсқасын әдеби және ғылыми тұрғыда редакциялау, түзету, көркемдік және техникалық редакциялау типографияға өткізілетін түпнұсқа –макетті дайындауға мүмкіндік береді. Толық немесе жартылай қайта теру жөнінде нұсқауды жауапты редактор береді. Машиналық бөлімге жіберудің алдында жауапты редактор текст түпнұсқасындағы дибликат дайындалатын бөліктерін көрсетеді.
Дайындалған басылымдық түпнұсқаны жауапты редактор бекітіп, қайта оқуға жібереді. Қайта оқушы басылым мазмұнындағы және стиліндегі анықталған кемшіліктерді түзетеді. Бақылау мақсатында соңғы рет редакция меңгерушісі немесе бас редактор қайта оқиды.
Бұдан кейін қолжазба барлық параметрлері көрсетіліп өндірістік бөлімге жіберіледі. Параметрлері кітаптың болашақта қандай болатындығын, қандай көзқарас қалыптастыратындығын айқындауы қажет. Мысалы, балалар үшін шығарылатын кітап ірі шрифтте, жылдам оқылатын, жақсы безендірілген болуы шарт.
Басылымға қатысты маңызды мәселе суреттер және олардың көп бояулылығы. Бояудың түсін өзгерту, суреттің өзінің түзетілуі басылымның құнын арттыра түседі.
5. Басылымның түпнұсқасын өндірістік бөлімде дайындау. Өндіріске қабылданған баспа түпнұсқасын алдымен техникалық редакцияға жібереді. Егер түпнұсқа ССТ 29.115-88 сәйкес емес болса, қайта редакцияға қайтарылады. Техникалық редактор технологиялық ерекшеліктерін анықтайды, оған түпнұсқа макетін дайындау жолы (компьютерлік, линотиптік, фото жинақтау) және полиграфиялық өндіріс технологиясы жатады. Қолжазбаның түпнұсқасы қолданылатын технологияға қарамастан, ССТ 29.115-88 «Авторлық және баспалық түпнұсқалар. Жалпы техникалық талаптар» және ССТ 29.160-90 «Суреттік түпнұсқалар полиграфициялық өңдеуге. Жалпы техникалық талаптар» стандарттарына сәйкес типографияға жіберіледі. Бұл стандарттар қағаздың беті мен шеттерінің, беттегі жолдар санын, бір жолдағы белгілер санын, беттегі түзетулер санын, суреттерге қойылатын талаптарды анықтайды.[]
Өндірістік бөлімнің технологы ілеспе құжатпен баспалық түпнұсқаны типографияға жібереді.
6. Баспа жобасының презентациясы. Баспа жобасын басқару жүйесінің бүгінгі күнгі маңызды бөлігі баспа жобасының презентациясы болып табылады. Баспа бағдарламасын, тақырыптық жоспарын және баспа жобасын презентациялау бүгінгі күнгі баспалардың өткізу саясатының бір бөлшегі деп танылады. Баспадағы жарнама-маркетинг теориясына қатысты әдебиет көздерінде осы өткізу саясатын жандандыруға шақырады:
- нарықта тұтынушылық қасиеттері бірдей бәсекелес басылымдар көп болған жағдайда;
- нарыққа жаңа басылмды шығарған немесе бүкіл баспаның жаңа нарыққа енуіне байланысты;
- сатып алушылардың шығарылатын басылымдар жөнінде хабарландырылуын арттыру үшін;
- жоғалған сұранысты қалпына келтіру үшін.
Осы аталған міндеттерге коммуникативтік саясатты қосу қажет, яғни, баспаның сыртқы ортамен тығыз өзара байланысын орнату керек.
Баспа жобасының презентациясы бірнешенысанда жүзеге асырылады:

  • басылымды кітап дүкенінде презентациялау;

  • басылымды арнайы көрмеде презентациялау;

  • интернет жүйесінде web-презентациялау.

Бастапқы екі жолмен презентация жасаған кезде оқырмандар мен сатып алушыларға баспа қызметкерлерінің немесе автордың қатысуымен басылымды таныстырады. Кітап дүкенінде жасалған презентация сату көлемін арттыру мақсатын көздесе, арнайы көрмеде ұсыну оқырмандар мен сатып алушылар назарын бүкіл осы баспа өнімдеріне тарту перспективасын, өзге ұйымдармен өзара байланысты орнату мүмкіндігін көздейді.
Web-презентациялау нұсқасын пайдалану интернет жүйесін пайдаланатындар үшін қолайлы болып атыблады. Онда баспа туралы, басылымдар туралы жан-жақты жеке-жеке ақпараттарды орналастыруға болады.
Редактордың, баспа өнімдерінің презентациясын ұйымдастрыу барысында қандай жобаларды ұсынатындығын дұрыс таңдап алуы, уақыты мен орнын дұрыс белгілеуі, қатысушылар мен шақырылғандардың тізімін анықтауы сату және тауарларды өткізу тұрғысында тиімді болуы мүмкін. Сонымен қатар, презентацияны өткізу сценариін жасау да маңызды: пресс-конференция ұйымдастыру; автормен кездесу ұйымдастыру; дискуссиялық клубта өткізу және басқалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет