Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының халық пен үкіметтің арасындағы байланысты ұйымдастырушы.Екіншіден,баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі өзара құбылмалық жөнінде халықты хабар етеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің негізінде болып өткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі тәжірибелі түсінік алынады. Және де бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі,төртінші билік-бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті,оны ешкім ештеңемен ауыстыра алмайды,-деуімізге болады және де арнаулы мемлекеттік мәртебе рөлі болмаса да, баспасөз қоғамдық пікір туғызып,қалыптастыратын ықпалы бар,халық пен билік арасындағы ерекше байланысқа ие бірден-бір әлеуметтік институтқа тән зор күші бар құрал болып табылады.Мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен ақпараттық саланың іргесін мығымдап алғаны дұрыс..