1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Қоғамның конституциялық құрылысының негіздерін құру



бет70/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   88
Байланысты:
Казакстан тарих ГОС

109. Қоғамның конституциялық құрылысының негіздерін құру.
Әрбір егемен мемлекеттің өз дамуының негізгі бағыттарын ай­қын­дайтын конституциялық саяса­ты болады. Қазақстан Республи­ка­сы­ның конституциялық саясаты­ның негіздері 1995 жылғы 30 та­мызда бүкілхалықтық референдум­да айқындалған болатын. Соның нәтижесінде республиканың қол­да­ныстағы Конституциясы қабылда­нып, өмір талаптарына орай 1998 және 2007 жылдардағы консти­туциялық реформалар барысында оларға түзетулер енгізілді. Еліміз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ Мемлекет басшысы – Елбасы Н.Ә.Назарбаев жүргізіп отырған сарабдал конституциялық саясат арқасында Қазақстан бүгін­гідей жетістіктерге жеткені баршаға аян. Ата Заңымыз қабылдануын кезекті рет мерекелеу қарсаңында мы­наны атап өтпеуге болмайды – осы жылдар ішінде Қазақстанда жасалған игі істердің бәрі де Конс­титуция қағидалары сақтала отырып жасалды ҚК Ерекше бөлімінің құрылы­мы да осыны ескере отырып құрас­тырылған. Қылмысқа қарсы күрес проблемасына деген мұндай жан-жақты ұстаным бірнеше міндеттің атқарылуын: қылмыстың алдын алуды, оған қарсы күресті, адам құқықтарын қорғауды, қылмыс жасаған адамдарды уақтылы түзеуді қамтамасыз етеді. Конституциялық құндылықтар­дың мазмұнын заңнамалық толты­ру кезінде қайшылықтар болуы мүмкін. Осы игіліктер мен оларға қол сұғылуына мемлекет тарапынан шара қолдану деңгейінің ара­қа­ты­насы халықтың құқықтық мә­дениетіне, әлеуметтік-эконо­микалық жағдайларға, тарихи кезеңнің ерекшеліктеріне және т.б. қарай әртүрлі болуы мү­мкін. Мәселен, сөз бостандығы құқығын және тұлғаның абы­ройы мен қадір-қасиетінің қор­ғалуына құқығын заңнамалық реттеу мәселелері жала жап­қа­ны және қорлағаны үшін қыл­мыстық жауаптылық шарала­рын белгілеуге қатысты пікір­та­лас туындауына негіз болды. Осылайша, конституциялық және жай заңдар, заңға тәуелді актілер қабылданғанда, сондай-ақ бүкіл құқық қолдану прак­тикасы қалыптастырылғанда негіз етіп алынатын Консти­ту­ция еліміздің конституциялық саясатын білдірудің негізгі нысаны болып табылады деп айтуға болады. Конституциялық саясат та мем­лекеттің өзі сияқты үнемі дамуда болады, өйтпеген күнде ол дамудың “тежегішіне” айналады. Консти­ту­цияның өзінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі көз­дел­ген. Қазақстанда 1998 және 2007 жылдары жүргізілген конституция­лық реформалар соның жарқын дәлелі. Уақыт бұл шешімдердің дер кезінде және дұрыс қабылданғанын көрсетті. Қазақстанның конституциялық саясатының негіздері туралы айта келе, еліміздің конституциялық да­муының тұжырымдамасын айқын­дау­дағы Мемлекет басшысының айрықша рөлін атап өту қажет. Негізгі Заңға (40-бап) сай рес­пуб­лика Президенті Конституцияның мызғымастығының нышаны әрі кепілі болып табылады. Қазақстан­ның қоғамдық және саяси өмірін­дегі демократиялық қайта өзгерту­лер, нарықтық экономика талап­тарына сай жүргізілген экономика­лық реформалар, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, азаматтық қо­ғам институттарының қалып­та­суы – осының бәрі де президенттік басқару нысаны енгізілуімен тікелей байланысты. Бұған Мемлекет басшысының Конституцияның әлеуеті өмірдің барлық салаларында мейлінше то­лық іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі қатаң талабы сеп болуда. Президенттің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Жарлығымен ма­құл­данған Құқықтық саясат тұ­жы­рымдамасында Конституцияның құқықтық идеялары Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқық­тық және әлеуметтік мемлекет инс­ти­туттарын орнықтыруға бағыттал­ған заңнамалық, ұйымдық және бас­қа шараларда жүзеге асуға тиіс деп атап өтілді. Өткен жылы тамыз айында Мемлекет басшысы бекітіп, қазір қолданылып жүрген 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұ­жырымдамасында бұл бағыт сақ­тал­ды, және Конституцияның қағи­даттары мен нормаларын, ең алдымен, мемлекеттік билік орган­дары мен оның лауазымды адам­дарының қыз­метінде толыққанды іске асыру, бұл ретте Конституция­ны тікелей қолданумен қатар ағым­дағы заңнама және құқық қолдану арқылы оның әлеуетін қамтамасыз ету конституциялық құқықтың ма­ңызды міндеті ретінде айқындалды. Өзінің стратегиялық бағыт-бағдарын таңдап алған мемлекет пен қоғам үшін қолданыстағы Конституцияның реттеушілік әлеуеті әлі де сарқылған жоқ. Конституцияда бекітілген Қазақстан Республикасы конституциялық құры­лысының негіздері, адамның және азаматтың құқықтары мен бостан­дық­тары, меншік нысандары елі­міздің ұзақ мерзімді қажеттіліктері мен тарихи даму үрдісін ескереді. Осы Конституция негізінде ұлттық заңнама өмір сүріп, мемлекеттік және қоғамдық институттар құры­лып, дамып отырады. Осы үздіксіз үдеріс кезінде Негізгі Заң талаптарына жауап беретін конституциялық практика қалып­та­суы үшін қажетті барлық жағдайды жасау, конституциялық нормалар­дың іс жүзінде қолданылуын және олардың бірізді қолданылуын қамтамасыз ету өте маңызды. Осы күрделі мәселелерді шешу үшін республикада тиісті өкілеттік берілген органдар жүйесі қызмет істейді. Конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету кешенді және көпдеңгейлі міндет болып табылады, оның жай-күйі үшін бір­тұтас мемлекеттік биліктің барлық тармақтары, құқық қорғау органдары, қоғамдық-саяси институттар, сондай-ақ азаматтар жауапты. Бұлардың бәрі де өз міндетін ойдағыдай атқарып жүр деп ойлай­мын. Конституция қабылданған күннен бері ондағы көзделген түбегейлі құндылықтарды жүзеге асыру үшін аз жұмыс атқарылмады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет