1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу



бет72/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78
102Сұрақ. 2014 жылғы 11 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында алғаш рет «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасымен таныстырды, ол бүгінде ел экономикасы өсімінің негізгі қозғаушы күші саналады. 2014 жылғы 11 қарашада Мемлекет басшысы алдағы жылға арналған кезекті Жолдауын халыққа таныстыру кезінде Жаңа экономикалық саясат – «Нұрлы жол» туралы мəлімдеді. Ол алдағы жылдары Қазақстан экономикасы өсімінің негізгі қозғаушысы болуды, сондай-ақ, əлемдегі ең озық дамыған 30 елдің қатарына қосылудың маңызды қадамына айналуды көздейді.Жолдаудың негізгі арқауы əлемдік экономиканың жаңа сын-тегеуріндері мен қауіптері тұрғысынан Қазақстанның экономикалық саясатын қайта бағдарлау болды.Осыған байланысты экономикалық өсуді қалыптастыруға қатысты кейбір тəсілдер қайта қаралып, алдағы кезеңге арналған даму жоспарларына түзетулер енгізілді.Бағдарламаның негізгі мақсаттары ретінде мыналар анықталды:
Астанадан барлық аймақтарға сəуле қағидаты бойынша тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылымды құру, индустриялық, туристік жəне əлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ энергетикалық секторды нығайту.Іске асыру барысында бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізілді: 2017 жылы тұрғын үй құрылысы бағыты «Нұрлы жер» жаңа мемлекеттік бағдарламасына ауыстырылды, геологиялық барлау басқа нормативтік-құқықтық актілерде де көрініс тапты. Осылайша «Нұрлы жол» көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың бірыңғай бағдарламасы болып қалды.
Бірінші кезең қорытындылары (2015–2016 жж.)Инвестициялар жəне даму министрлігінің мəліметтері бойынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын орындап бастағаннан бері 2015–2016 жылдары республикалық маңыздағы 2 мың шақырым автокөлік жолдарында құрылыс жəне реконструкция жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 1,3 мың шақырымы І жəне ІІ техникалық санаттар бойынша пайдалануға берілді. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарына 75 мың адам тартылды. Отандық өндірістің 93% жол-құрылыс материалдары пайдаланылды. «Орталық – Оңтүстік» жобасы бойынша 2016 жылы жалпы ұзындығы 275 шақырым болатын «Астана – Теміртау» жəне «Алматы – Қапшағай учаскелерін жөндеу жұмыстары аяқталды. «Орталық – Шығыс» жобасы бойынша іске асыру басталғалы бері 230 шақырым жол пайдалануға берілді. «Орталық – Батыс» жобасы бойынша «Астана – Қостанай» автожолын жəне «Ақтөбе – Қарабұтақ – Денисовка» учаскесін жөндеу толықтай аяқталды.2017 жылғы қаңтар айында Мемлекет басшысы «Үшінші жаңғыру: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында өткен екі жылда «Нұрлы жол» бағдарламасы өзін толықтай ақтағанын айтып, оны экономиканың басты қозғаушысы ретінде одан əрі іске асыруды жалғастыру міндетін қойды.«Биыл республикалық маңызы бар 4 400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін соның кем дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп, кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі. Бүгін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру толық қарқынмен жүріп жатыр, ағымдағы жылы мемлекеттік бюджеттен олардың жобаларына 484 млрд теңге бөлінді. Негізінен бұл ұзақ мерзімді жобалар — автомобиль жəне темір жолдар, сумен қамту, инженерлік коммуникациялар.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамыр айында ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары еліміздің уақыт талабына сай дамуына, заман сұранысына лайықты жауап беретін ауқымды шараларды жүзеге асыруға оң ықпалын тигізіп келеді. Қоғамымыздағы түрлі мəселелерге жаңаша көзқараспен қарап, оларды қазіргі кезеңнің талабы мен мүмкіндіктерін ескере отырып шешу аса маңызды. Бұл орайда басты міндеттер екшеліп, сарапталып қана қоймай, оны ойдағыдай жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жөні бөлек. Қазіргі таңда халқымыздың мүддесі, қажеттілігі, талап-тілегі барынша ескерілген Ұлт жоспарының басым бағыттары, негізгі қадамдары өз деңгейінде орындалып келеді. Мұның айқын мысалын мемлекеттік кəсіби аппарат құру, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету,индустрияландыру жəне экономикалық өсімге қол жеткізу, біртектілік пен бірлік қағидаттарынан туындайтын міндеттерді орындау бағыттарында жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нəтижесінен көруге болады. Жалпы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қоғамдық жаңа қатынастардың, соны функциялардың, сондай-ақ жаңа, жетілдірілген институттардың қалыптасып, орнығуына кеңінен жол ашты. Бұл еліміздің заман талаптарына икемделе отырып дамуының мол мүмкіндігіне ие екенін аңғартады.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сəйкес еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді.Аталған құжатты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігімен бірлесіп əзірледі. Елдің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарында жаңа экономикалық бағытымыздың негізгі міндеттері мен параметрлері айқындалған.Құжатта аса маңызды салаларды дамыту жөніндегі стратегиялық пайым, коронадағдарыс салдарын жұмсартуға жəне жаңа экономикалық нақтылық пен ағымдағы жаһандық үрдістер жағдайында экономиканың орнықты, инклюзивті жəне сапалы дамуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі саясатты жетілдіру жөніндегі бағдарлар көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет