10
сүйектері, мәйіт басынан қола қанжарлар, жебелер табылған. Орта және кейінгі
қола дәуірлерінде де тап осындай жәйттер кездеседі. Қорымдардағы қарапайым
қабірлер арасынан ірі тастардан екі немесе үш қабат қоршауы бар бірнеше аса
үлкен оба не мазарлар көзге түседі. Обалар салып, қабірлер қазу ісімен, онда
қойылатын заттар арасындағы елеулі айырмашылықтарға жүгінсек, андронов
қоғамы біртекті болмаған.
Үлкен қорымдарда сол кезде қоғамда айрықша
топқа бөлінген жауынгерлер қойылған. Қоғамның жіктелуі басталған – оның
қатардағы қалың мүшелері арасынан бөлініп «патшалар» - билеушілер,
жауынгерлер – кшатрийлер шыққан. Олардың жақындары да қоғамда жоғары
дәрежеге ие болған. Үнді-иран шежірелеріне қарағанда абыздар да жоғары
бағаланған. Олар діни жоралғыларды жүргізуші, ежелгі дәстүр мен білімдерді
сақтаушылар болды. Олардың өзгелерден айрықша бір белгісі – ағаш табақ пен
ерекше бас киімі (бөркі).
Қола дәуірінде еңбек құралдарының жетілдірілуіне және шаруашылықтың
дамуына байланысты азық-түлік молайып, артық қор құрылды. Қоғамда
біреулер байып, басқаның еңбегін пайдалануға мүмкіндік алды. Сондықтан
тұтқындарды өлтірмей, оларды құлға айналдырды. Рулық ұжымдық меншіктің
орнына жеке меншік орнап, еңбекті қанау пайда болды. Бұл мүлік теңсіздігінің
шығуына алып келді. Сөйтіп, қола дәуірінде рулық қауым ыдырап, шағын
отбасылардың рөлі күшейіп, патриархалдық-рулық қатынастарды сақтаған
көршілік қауым өркендеді. Кейінгі қола кезеңіне қарай отбасылық қауымдар
бөлшектеніп, нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады.
Достарыңызбен бөлісу: