18
полихромдық стильді дүниеге әкелген. Көк тәңіріне табынып, ата-баба рухына
сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған.
Ғұндар қоғамында патриархалды-рулық қарым-қатынастар күшті болған.
Елді шексіз билік иесі – шаньюй басқарған, оның жақын туыстары түменбасы
лауазымын иеленді. Деректер ғұндарда малға және жерге де жеке меншік
болғанын білдіреді. Ер азаматтардың барлығы дерлік қатардағы жауынгер
саналған. Ғұн әскерінің негізін атты әскер құрады. Ғұндар жауынгер халық еді.
Олардың жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай
қорғанын салдырған. Сонымен, қорыта келгенде, ғұндар – бастапқы кезде
Орталық Азияда пайда болған ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі
халықтарының арғы тегі. Бұл тайпалардың бір бөлігі қазақ халқының құрамына
қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Соның үшін ежелгі
ғұндарды қазақ халқын құраған қайнардың бірі деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: