69.2009 және 2021 жылңы Қазақстандаңы халық санағы халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жаса. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. 2009 жылғы халық санағына елімізде ерекше маңыз берілген. Ол “Әркім де маңызды” ұранымен өткізіді. 2009 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша елімізде 15 миллион 778 мың адам тұрады. Халық ең көп шоғырланған өңірлер – Оңтүстік Қазақстан облысында 2 миллионнан астам, Алматы облысында 1 миллион 600 мың, Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 400 мың тұрғын бар. Алдағы халық санағы бұл деректерге нақты өзгерістер мен толықтырулар енгізетіні сөзсіз.
Елімізде халық санағын өткізуге жан-жақты дайындық жасалынған. Санақ жүргізетін негізгі 53 мың 706 есепші-санақшы белгіленген. Оған қосымша жергілікті жерлерде негізгі жұмыс орындарында 20 пайыз жалақысы сақталып, санаққа қатысатын 2 мың есепші-санақшы бекітілген. Сөйтіп, еліміз бойынша 2009 өткен халық санағын 58 мың 368 есепші-санақшы жүргізген. Санақ жұмысына бақылау жасайтын нұсқаушылар тиісті оқу курсынан өткен. Сол сияқты ішкі істер, қорғаныс, әділет, төтенше жағдайлар органдарына қарасты мекемелерде санақ жүргізетін арнаулы топ та дайындықтан өткізілді. Алдын ала белгіленген есеп бойынша бір есепші-санақшыға жүктелетін міндет – 78 пәтерді аралап, жобамен 290 тұрғынның есебін алу. Есепші-санақшылар арнайы киім үлгісімен жабдықталДЫ. Олардың әрқайсысының қолында санақ бланкілері салынған көк түсті портфель, арнайы логотив белгісі бар көк түсті бөкебай, ысқырық және қолшамы болды.
Пәтерлерге есепші-санақшылардың атын жамылып, бұзық ойлы бөгде адамдардың кіріп кетпеуі үшін ойластырылған тағы да басқа шаралар бар. Санақ алдында әрбір тұрғылықты жерлерде, шағын аудандарда, елді мекендерде есепші-санақшыларды таныстыруға арналған арнайы кездесулер мен жиналыстар өткізілді. Сондай-ақ, бірқатар қоғамдық орындарда стационарлық санақ учаскелері ұйымдастырылды. Мәселен, темір жол вокзалдарында – 56, автокөлік вокзалдарында – 24, әуежайларда 10 осындай санақ учаскелері ұйымдастырылған. Еліміз бойынша 1674 санақ бөлімшелері құрылады. Түрлі себептермен санаққа кірмей қалған тұрғындар осы учаскелерге келіп, тіркелуіне болады.
Сонымен, 25 ақпан — 6 наурыз аралығында елімізде кезекті халық санағы өттіі. Санақ жұмысы тек осы мерзіммен аяқталған жоқ. 7-16 наурыз аралығында қайтадан бақылау санағы өткізіліп, қамтылмай қалған тұрғындардың есебі алынады. 16-18 наурыз аралығында санақ карточкалары есептеуден өткізіле бастады. Әр күн сайын халық санағының есебі беріліп отырады. Белгіленген меже бойынша күн сайын есепші-санақшылар 1 миллион 400 мың тұрғынның есебін алып отырған.
Селекторлық кеңесте халық санағын өткізуге байланысты жасалып жатқан шаралар туралы Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрліктерінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері есеп берді.
Кеңесті Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қорытындылап, он жылда бір өткізілетін бұл саяси-әлеуметтік шараның маңыздылығына тоқталды. Сондықтан санақты ұйымдасқан түрде сапалы дәрежеде өткізу әрбір мемлекеттік органның кезек күттірмес міндеті болып табылады.
«Халық санағы – ұлттық маңызы бар іс-шара. Санақтың жетістікпен өтуі халықтың санақ мақсаттары мен міндеттерін, оның маңызын түсінуіне байланысты. Санақты өткізу еліміздің әр азаматының қатысуы мен ынтымақтастығын талап етеді. Санақтың жетістілігі халық бұл іс-шараның мемлекеттік маңыздылығын және өз қатынасының мәнін, сонымен бірге санақ парағының сұрақтарына шынайы жауап беруінің қажеттілігін қаншалықты дұрыс ұғынуына тәуелді». Ә. Касенова, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Демографиялық және әлеуметтік статистика департаментінің директоры, Астана қ. Қазақстанда 2009 жылдың бірінші тоқсанында өткен соңғы онжылдықтың ең ірі ауқымды іс-шараларының бірі – Ұлттық санақ. Бұл науқан «елімізде қанша адам тұрып жатыр», «олардың ішінде ерлер мен әйелдердің, балалар мен қарттардың үлесі қандай», «еліміздің аумағында қанша және қандай ұлт өкілдері тұрып жатыр», «қазақстандық отбасылардың табыс деңгейі» сияқты және өзге де көптеген сұрақтарға жауап беру үшін арнайы өткізіліп отыр. Бұл көрсеткіштердің барлығы Қазақстанның ішкі мемлекеттік құрылымының айқын статистикалық әлеуметтік-экономикалық бейнесін көрсетуі қажет. Санақ нәтижелері өз кезегінде, мемлекетке болашақта саяси бағытты нақты деректердің негізінде айқынырақ құруына мүмкіндік берді. 2009 жылғы Халықтың ұлттық санағының ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі қоғам арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді. Бұл жұмыстың мақсаты 2009 жылы санақты өткізу бағдарламасының қағидалары мен әдістері туралы халықтың барлық топтарын ақпараттандыру болып табылады. Еліміздің көптеген азаматтары санақшылармен ешқашан кездеспеген де болуы мүмкін және сол себепті науқан барысында санақ рәсімі бойынша түрлі сұрақтар туындайтыны белгілі. 1999 жылы санақшыларды пәтерлер мен үйлерге кіргізбеген жәйттер де орын алған. Кейбір адамдар күдікпен қарап, сенімсіздік танытқан. Бұл жәйт, өткен санақтың нәтижелеріне өз әсерін тигізгені даусыз.