1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіндегі реформалар. Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттерін талдаңыз



бет42/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

73. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіндегі реформалар. Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттерін талдаңыз.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.


Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.


Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.




74. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» (31.01.2017 ж.). Жолдауының тарихи маңызын сипаттаңыз.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталғандығы барлығымызға аян. Елбасымыздың үшінші жаңғыруымен кеңірек таныспастан бұрын, бірінші және екінші жаңғыруларына кішігірім тоқталып, еске түсіре кеткеніміз жөн.
Қазақстанның Бірінші жаңғыруы - 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағандығымызбен тығыз байланысты. Сол кезде біздің аға буын өкілдеріміз еліміздің іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.
Ал, Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны күмәнсіз. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.
Табысты өткен екі жаңғырудың нәтижесінде қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан күннен-күнге алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыртуға да табан тіреді.
«Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» - деген еді Мемлекет басшысы осы Жолдауында. Осы жаңғырудың аясында бастысы - баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауға, əлемдік қиындықтарды болжап қана қоймай, ықтимал өзгерістерден де мемлекет үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыруға бағытталған бес нақты басымдықты белгілегендігі мәлім. Сонымен қандай басымдықтар?
-Бірінші басымдық - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, яғни, бұл тұрғыдағы басты міндет - цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету.
-Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Мұндағы көзделген стратегиялық мақсат - елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.
-Үшінші басымдық - макроэкономикалық тұрақтылық. Бірден-бір басты міндет - ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту.
-Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту. Бұл ретте біріншіден, əлемдік деңгейдегі білім беру жүйесінің рөлін өзгерту, яғни, білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау және де қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту.Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады, ал, бұл жоба қарсаңында тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Екіншіден, денсаулық сақтау жүйесіне байланысты, яғни, 2017 жылғы 1 шілде айынан бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайтындығы қарастырылуда. Үшіншіден, әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қатысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға дейін арттырылатынын, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылатындығын, сонымен қатар, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20 пайызға өсірілетіндігін атап көрсетті. Бұдан бөлек, Елбасы осы ретте ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастырып, оны қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келтіру қажеттігін тапсырды.
-Бесінші басымдық - институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Бұл ретте Елбасы өз кезегінде, жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды жалғастыру керектігін айтып, Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен және азаматтық қоғамдастықпен бірлесіп, жеке меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заңнама ревизиясын жүргізуді міндеттеді. Бұдан бөлек, әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс екендігін, сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу маңызды екендігін басты назарда ұстады. Ал, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытына тоқталған Елбасы оның шығу себептері мен алғышарттарын анықтап, әлі де болса толыққанды түрде аса назар аударылмай тұрғандығын ескеріп, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігін атап көрсетті.
Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға толастар емес, керісінше, артуда. Бұл дегеніміз, бізде бұрынғыдан да табыстырақ алға басуымыз үшін барлық негіз бар, тек ол үшін Елбасымыз жариялаған жаңа стратегиялық реформаларды жүзеге асыруға баршамыз жұдырықтай жұмылып, аянбай еңбек етуіміз керек. Сол кезде ғана алдағы асулар мен белестерді бағындыратындығымыз, алдымызға қойған межеге жететіндігіміз сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет