310
Əдебиет:
1. Қазақтан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27 шілде 2007 ж. № 319 Заң
2. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы. 11сəуір 2008 ж.
3. ҚР мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2009-2010 о. ж. басталуы туралы ƏН хат
4. Н. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында». Алматы: Атамұра, 2003.
5. Google [Электронный ресурс] kaz-referaty.ucoz.kz/load/5-1-0-719, paers.ru/tags/magzhan-
zhumabaev-olenderi
6. Google [Элек. ресурс] Nabrk.kz/kz/meropriyatiiya/bir/2009/biograph/ ҚР Ұлттық Академиялық
кітапхана
7. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы.
8. Дидактика / Под ред. Б. П. Есипова. — М., 1967.
9. Дидактика современной школы: Пособие для учителей / Под ред. В. А. Онищука. — К.: Рад.
шк., 1987. — 351 с.
10. Қазақ əдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Лтд.» ЖШС, 2010
жыл.ЫСБН 9965-26-096-6
11. http://www.kazadebiet.kz/node/28673
ƏОЖ 81’
Т.ƏБДІКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Тəңірберген А., Хамзина Г.С.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Əдеби көркем шығарма тілін бейнелеп, жандандырып, нəр беруші тəсілдердің бірі
- фразеологизмдер. Фразеология мəселесін ғылыми түрде, теориялық-əдістанымдық
тұрғысынан Н.М. Шанский, В.В. Виноградов, І. Кеңесбаев, Ə. Болғанбаев, Р. Сыздық,
Ə. Қайдар, Ə. Хасенов, Х. Қожахметова, Г. Смағұлова, Р. Авакова, Қ. Сарекенова т.б.
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты ғылыми түрде сараланып, зерттелді.
Қазақ фразеологиясының сөздігі құрастырған академик І.Кеңесбаевтің
анықтауынша: «Фразеологизмдер – тіліміздің бір бөлінбес бөлшегі. Өзінің көнелену
жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға тəн
ерекшеліктер бар.
Тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері
кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді халық орынды
пайдаланды» [1, 4].
Фразеологиялық тіркестер барлық стильдерде де қолданылғанымен, бейнелілік
пен экспрессивтілік, негізінен, көркем əдебиетке тəн жəне көркемдік құрал автордың
жан дүниесі, шығармашылық идеясымен астасып, көркемдік құралы ретінде қызмет
етеді.
Зерттеушілер фразеологизмдердің көркем əдебиеттегі жұмсалуын қарастырғанда
осы орайда, ең алдымен экспрессиялы-бейнелі реңктері бар, поэтикалық сипаттағы
түрлеріне назар аударады: «В целях изучения творчества писателей, сказителей
индивидуальных особенностей стиля, исследователь может ограничиться образной
фразеологией» [2, 15].
Тіліміздегі тұрақты тіркестер ойымызды əсерлі, бейнелі, көркем жеткізуде
тіліміздің ұшына орала кетеді. Тыңдаушысына ерекше əсер етіп, ерекше назар
аудартады. Бұл да сөйлеу мəдениетінің ұлтқа тəн өзіндік көрінісі деуге болады. Мұндай
тіркестер ұлттың рухани қазынасына жатады. Бұл тіркестердің көркем шығармада
311
атқаратын қызметі зор. Жазушы тілінің лексикалық байлығының бір қырын
фразеологизмдер танытады.
Қазақ əдеби тіліндегі əсірелеу, көркемдеу тəсілінің ішінде тұрақты тіркестердің
алатын орны ерекше. Бұл тіркес айтайын деген ойға айрықша əр, мəнерлілік береді.
Тұрақты тіркестер – көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап, бейнелеп
суреттеудің тілдегі дайын құралы. Халық тілінің осы бір байлығын жазушылар
повестерінде қажетіне қарай пайдаланады, оның ішінде өзіне керегін таңдап алады.
Тұрақты тіркестерді жазушының өз қажетіне сай талғап, жаңғыртып қолданылуы, оның
ой-пікіріне, эстетикалық талғамына, қоғамдық-саяси, философиялық көзқарасына
сəйкес болады.
Осы жайында Х.Қожахметова былай дейді: «Көркем шығарма тіліндегі
фразеологизмдерді таңдап қарастыру – автордың өзіндік стиль жасаудағы тілдік
тəсілдерінің бояу өрнегін айқындау болып табылады.
Фразеологизмдердің стильдік бояуы жеке сөзбен салыстырғанда əлдеқайда күшті,
экспрессивті мүмкіншіліктері анағұрлым мол. Осы қасиеттеріне орай фразеологизмдер
белгілі бір баяндауға, не сөйлеген сөзге стильдік əр береді.
Қалыптасқан бұл тұрақты тіркестердің көркем əдебиет тілінде атқаратын қызметі
алуан түрлі. Бұлар шығарманың идеясын беруде, образ, характер жасауда,
кейіпкерлердің «өзін-өзі əшкерелеу» сияқты тілдік тəсіл болып келеді. Осылар арқылы
қоғам өмірінің сан құбылыстарын, табиғат көрінісін бейнелі түрде бағалай, суреттей
беруге болады» [3, 53].
Көркем шығарма тіліндегі фразеологизмдерді талдау, сараптау арқылы
əдебиеттану жағынан қаламгердің жеке даралық стилін тануға, тілдік жағынан стиль
жасаудағы тілдік тəсілдердің қолдану ерекшелігін айқындау мүмкіндігі туады.
Фразеологизмдік
оралымдардың
эмоционалдық-экспрессивтілік
реңкінің
ерекшеліктерін авторлық баяндау болсын, кейіпкер тілі болсын, не табиғат суреті
болсын бəріне де өзіндік стильдік əр береді.
Орыс ғалымы А.И. Ефимов: «Фразеологическое творчество писателей выражается
прежде всего в обновлении привычных для слов контекстов, в которых эти слова
обычно выступают. Слова перемещенные из одного окружения в другое,
перетерпивают интересные смысловые и стилистические изменения. Таким образом,
изучение фразеологических связей слов имеет первостепенное значение не только для
характеристики семантических процессов, происходящих в словах при включении их в
новые фразеологические контексты, но для определение творческого своеобразия
новаторством»,– деп фразеологизмдердің ерекше қырларын көрсетеді [4, 151].
Ғалым С.Сатенова шығарма идеясының айқындалуы, тілінің көркемдігі,
үйлесімділігі мен əуезділігі, шеберлігі онда қолданылған бейнелі фразеологизмдерге де
байланысты болып келетінін айтады [5, 231].
«Фразеологизмдер көркем шығарма тіліне айрықша рең беріп, мазмұнын
дарытады, ұлттық бояу береді. Əсіресе, образды фразеологизмдер кейіпкер мінезін
беруде, авторлық баяндау күйінде, белгілі бір жағдайға байланысты түйінді пікір
айтуда т.б. қызметтерде жұмсалып тілдің стильдік өрнектерін дамытады», – дейді
А.Бейсенбай [6, 201].
Тұрақты тіркестер көркем шығарманың қай жанрында болсын молынан
қолданылып, көркемдік тəсілдердің ең сүбелі түрі ретінде стильдік қызмет атқарады.
Фразеологизмдердің,
əсіресе
оның
семантикалы
категорияларының
көркем
шығармаларда қолданылу аспектілерін толық айқындау үшін, классик авторлардың
повестеріне толық мəтіндік талдау жасау арқылы өрнекті сөз үлгілерінің стильдік
қызметі талданады. Ол үшін авторлардың стильдік мақсатта жұмсаған фразеологиялық
тіркестерді қолданудағы əдіс-тəсілдеріне назар аударуымыз керек.
312
Фразеологизмдер – көркем шығарма тілінде образды бейнелі реңк беру,
эмоционалды-экспрессивті бояуын арттыру мақсатында қолданылатын тілдік бірліктер.
«Ақын-жазушылар өз туындыларын жазу үстінде жаңа грамматикалық форма іздеп
отырмасы анық, өзіне таныс стилін, қолтаңбасын қай сөйлем мүшесін жиі қолдануын,
сөз байланыстарының қандай тəсіліне жиі жүгінетіндігінен гөрі, бірден көзге ұрып
тұратын жəне жиі пайдаланатын формалардан іздегені жөн» [7, 15]. Осы дайын
материалды əр қаламгер əр мақсатта қолданып, шығармаларын əрлендіре түседі.
«Тұрақты тіркестер – əдеби тілдің ілгері даму барысында қалам қайраткерлерінің
əрекеті арқылы жанданған əсем кестелер. Олар – сөз зергерлерінің ой-түйінін
ықшамдап аңғартатын жинақтылықтың үлгісін көрсететін көркемдік құрал. Тұрақты
тіркестерді қай жазушы болса да өз шығармасында қажетіне қарай қолданады» [8, 56],
– деп ғалым М.С.Серғалиев айтқандай, бұл зерттеу жұмысымызда көркем прозадағы
фразеологизмдерді автор өз туындыларында халық тілінің бай қазынасынан көркем
сөздің алуан түрлі өрнектерін мақсатты ойларына лайықтап алып отырғандығын
байқаймыз.
Фразеологизмдерді Т.Əбдіков шығармаларында мағынаны əсерлеу, суреттеу,
көркемдеу қызметінде шебер, ұтымды, өнімді пайдаланған. Жүрегім қобалжып, өне
бойымды үрей билейді («Əке», 6-б.).
Мен əкемнің басынан кешкен ұзын тарихқа ойша көз жібердім («Əке», 8-б.).
Ауылдағы бар азаматты жинап алып, атты казактардан бізге қайыр жоқ, елдің
қанын ағызып келе жатқан жауыздардың ретін тауып, көзін құрту керек дегенді
айтты («Əке», 9-б.). Иттердің түсі суық екен («Əке», 10-б.). Жан беру деген оңай
ма? («Əке», 11-б.). Жүрегім зу ете қалды («Əке», 12-б.). Екеуі бір- біріне ит пен
мысықтай («Əке», 46-б.). Дүйсен жол бойы маған тіс жарып ештеңе айтпады
(«Əке», 32-б.). Екі көзім алақандай болды («Əке», 50-б.).
Сонымен бірге фразеологизмдер – əр түрлі мағынаны білдіретін сөз тіркесі болса,
негізінен халықтың ауызша тілінде көп уақыттан қалыптасып, тас-түйінге айналған сөз
қазынасы.
«Фразеологизмдер – сандаған жылдар мен ғасырлардың байлығы, бұл, бір
жағынан, екінші жағынан, ол – жеке қаламгердің табысы, еңбегі, ізденісі. Демек,
белгілі бір қаламгердің жалпы тілдік қатынасын жəне көркемдік байлығын зерттеуде
оның фразеологиясын тауып тану ерекше орын алады» [7, 22], – деген пікір авторлық
қолданыстағы фразеологизмдердің табиғатын аша түсуге мұрындық болады.
Қазақ тіліндегі ұлт менталитетін танытатын мекен-мезгілге, халықтық өлшемге,
мінез-құлыққа, салт-санаға, көңіл-күйге байланысты туған фразеологизмдер өте көп.
Олар қазақ ұлтының мəдени өмірінде ежелден қалыптасқан əдет-ғұрыптар түрлеріне
байланысты болсын, күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан тілек-бата сөздер болсын,
өлім-жітімге, адамның физикалық қалпын бейнелейтін лексикалық тақырыптарды
қамтитын фразеологизмдер, олардың лексика–семантикалық сипаты арнайы сөз етуді
қажет етеді.
Қазақ халқының өміріне, өмір сүру тəсілдеріне байланысты бірқатар тұрақты сөз
орамдары уақыт өлшеміне, яғни іс-құбылыстың, əрекет-қимылдың мезгіліне
байланысты, кезең мен уақытқа тең айырым белгі, қасиет, сын-сипат арқылы
айқындалатын, əрі жыл мезгілдері мен ауа райын, табиғат құбылыстарын білдіру үшін
берілгені – ұлт тіліміздің табиғаты мен заңдылықтарында мазмұнды өзгеше рең, яғни
жаңа бір қырдың пайда болуы.
Фразеологиялық мағыналардың қалыптасуына ұлт менталитетінің рөлі ерекше.
Егер ұлттық ерекшелік болмаса, ұлтқа тəн көзқарас, өзіндік дүниетаныммен,
басқалардан айырмашылығымен еленбесе, əрі бұл қасиеттердің барлығы ұлт тілінде
сақталып жеткізілмесе, онда менталитет туралы айту қиын. Менталитет сол ұл жасаған,
ұрпағына қалдырған материалдық жəне рухани мəдениеттерінде ғана сақталады. Бүкіл
313
фразеологиялық құрам – сол ұлттың тілдік əлемнің бойына жинақталған ой сандығы.
Сондықтан жазушыларымыз ұлттық фразеологизмдерді өздерінің ильдік тіл
ерекшеліктерін шебер көрсету үшін жəне де көненің көзінде жатқан сөздерді кейінгі
ұрпаққа жеткізу мақсатында пайдаланған.
Əдебиет:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1977. – 589 б.
2. Копыленко М.М., Попова З.Д. Очерки по общей фразеологии. – Воронеж, 1978. – 135 с.
3. Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем əдебиетте қолданылуы. – Алматы, 1972. 112 б.
4. Ефимов А. Стилистика художественной речи. – М.: Изд-во Мос. университета, 1957. С. 262.
5. Сатенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік жəне поэтикалық табиғаты:
филол. ғыл. докт. … дис. – Алматы, 1997. – 260 б.
6. Бейсенбай А. Тұрақты тіркестердің авторлық өңдеудегі қолданысы. – Алматы, 2006.
7. Авакова Р. Фразеология теориясы. – Алматы, 2009. – 290 б.
8. Серғалиев М. Стилистика негіздері. – Алматы, 2006. – 228 б.
УДК 81.25
ПЕРЕВОД ТЕХНИЧЕСКОЙ ДОКУМЕНТАЦИИ
Терентьев В.С.
(СКГУ им. М.Козыбаева)
Технический перевод – это перевод технической и специализированной
документации, один из самых сложных видов перевода, требующий особого подхода.
С лингвистической точки зрения, специфическими особенностями научно–
технических текстов можно выделить: стилистику, грамматику и лексику.
Характерным лексическим признаком научно-технического текста является его
информативность, насыщенность терминами и сокращениями, а также лексическими
конструкциями. Такие тексты, ориентированы главным образом не на носителей
определенного языка, а на представителей определенной профессиональной группы с
особыми экстралингвистическими знаниями.
Для качественного перевода технической документации требуется не только
знание переводимого языка, но и знание в соответственной области науки и техники.
Иногда необходима помощь узкого технического эксперта в этой области, что
свидетельствует о недостаточной степени изученности данной темы.
В данном виде переводов часто встречаются сложные синтаксические
конструкции, специальные сокращения, различные аббревиатуры и термины. Поэтому
перевод технического текста невозможен без использования словарей технических
терминов, словарей сокращений, а также справочников и специальной литературы с
которыми нужно уметь правильно работать. В отдельных случаях для большей
точности перевода необходимо более углубленное изучение литературы по заданной
тематике.
В техническом переводе переводчик должен избегать любых неточностей и
«размытости» значений. Здесь обязательной является четкая подборка терминологии,
которая требует изначально правильного перевода. Это связано с расхождениями в
значении одних и тех же терминов в разных областях научно-технического знания.
Достарыңызбен бөлісу: |