1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Арнаулы лексиканың (терминдер мен кәсіби сөздер) қызметі



бет38/53
Дата12.04.2023
өлшемі0,62 Mb.
#81881
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
Байланысты:
1 азіргі аза тілі лексикасыны лексика-семантикалы таби аты

2. Арнаулы лексиканың (терминдер мен кәсіби сөздер) қызметі. Терминдер - әдеби тілге жататын лексика құрамының бір қабаты. Ғылым мен техника, ауыл шаруашылық т.б. өндіріске байланысты ұғымдардың атауы терминдер деп аталады. Терминдер қолданылу аясына қарай шектеулі болып келеді. Олар негізінде әрбір кәсіп, шаруашылық, ғылым саласында қызмет етушілердің арасында ғана қолданылады. Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тығыз байланысты. Терминдерге бір мағыналық тән, себебі олар бір ғана дара ұғымды білдіреді, терминдердің өн бойында стильдік эмоциялық мән болмайды. Терминология әдеби тіл лексикасының бір саласы болып табылады. Әдеби тілде сауыт деп «оқтан, найзадан, сүңгіден сақтану үшін ертеде батырлар киген тор көзді темір кіреукені» және «зат салып қоятын кішігірім құты ыдысты айтса, биологияда сауыт (панцирь) деп «кейбір жәндіктер (мысалы, шаянтәрізділер) мен жануарлардың (бірсыпыра балықтар, жорғалаушылар, тасбақа, крокодил), сүтқоректілердің денесін қаптап, оларды жауыннан, зақымданудан қорғайтын қатты жабындыны» айтады (2, 41).
Кәсіби сөздер деп белгілі кәсіпке байланысты қалыптасқан терминдерді атайды. Кәсіби сөздер әртүрлі аймақтың өз шаруашылығына байланысты қалыптасатындықтан, таралу аясының шектеулігі жағынан диалект сөзге өте жақын. Енді бір жағынан кәсіби сөздер белгілі шаруашылық ұғымдарының атауы жағынан ғылыми терминге өте жақын. Сондықтан да бау-бақша, мақта, күріш, мал өсіру, балық, аң аулауға байланысты терминдердің дені сол шаруашылыққа байланысты кәсіби сөздерден жасалады. Бірақ кәсіби сөздің барлығы ғылыми термин бола алмайды, кәсіби сөздер жергілікті тілде ауызша қалыптасқандықтан, оның да фонетикалық, лексикалық, грамматикалық (сөз жасау) ерекшеліктері болады. Сондықтан кәсіби сөздердің ішінен әдеби тілге лайықтылары таңдалып қана алынады. Кәсіби сөздер тілімізде таралу жағынан да, әдеби тілге қатысы жағынан да біркелкі емес. Мысалы, күнбағыс, дақыл, жүгері, қияр, жүзім, алмұрт сияқты сөздер жалпыхалықтық сипат алып, әдеби тілден орын алса, борми//порми // көмбеқонақ, бәдірен, ботташық // бәреңгі (картоп) сөздері жалпыхалықтық сипат ала алмай, жергілікті сипаттағы кәсіби сөздерді құрайды (3, 65).
Кәсіби сөздерді арнаулы кәсіп иелері, термин сөздер ғылыми әдебиеттерде ғана қолданады. Дегенмен көркем әдебиет, публицистикада автордың белгілі бір өндіріс шаруашылығын суреттеу үшін және кейіпкердің қандай мамандықта жұмыс істейтінін аңғарту үшін қажет болады. Бірақ қолданылған арнаулы сөздің оқырманға түсініксіз болмауы жағына ерекше назар аудару керек. Егер автор көпшілікке түсініксіз кәсіби сөз не терминді қолдануды қажет деп тапса, онда оған түсініктеме беруді ұмытпағаны жөн. Қысқасы, орынды қолданылған кәсіби сөз не термин сөз шығарманың ажарын ашып, автордың ойын дәл де әсерлі жеткізуге көмектеседі. Өйткені көркем әдебиет объектісі - өмір, адам тіршілігі. Сондықтан кәсіпкерлерінің қызмет бабын кәсіби сөз не терминсіз барынша шыншыл, барынша әсерлі де образды көрсете алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет