1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет65/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Абылхаят [Әбілхаят] суымифологиялық ұғым бойынша, бұл фраза мұхиттың қиыр шетінде терең, тұңғиық үйірім болады, мұның суын ішкен адам өлмейді-мыс, мәңгі өмір сүреді-міс деген нанымнан туған. Түрлі әдеби шығармаларда фразаның лексикалық өңі өзгеріліп, «асқан, асыл, мейлінше қымбат су» ұғымында да қолданыла береді. Араб-иран тілдерінде аб деген «су» мағынасында, ал һаят деген «өмір» мағынасында қолданылады. Айтқан сөздің шәрбаты – Абылхаят суындай. Әзілінің ләззаты – Аққұйрық шай буындай (І. Жансүгіров) [6, 9].
Синонимдер сөздігі. Әрбір халық тілінің байлығы, көркемділігі мен оралымдығы оның синонимдер сөздігінен көрініс табады. Синонимдер сөздігі бір-біріне жуық, өзара мағыналас сөздерден тұрады. Көп ғасырлық бай, әдеби дәстүрі бр халықтың лексикалық, морфологиялық жағынан дамып жетілген тілінің көрінісі ондағы қалыптақан синонимік бірліктердің әр алуандығымен, оның лексика-семантикалық жүйесінің күрделілігімен айқындалады [7, 9].
1962 жылы (1975 жылы толықтырылып жарияланды, сөздікте 5000-ға жуық өзара мағыналас сөздер қамтылған) алғаш рет жарық көрген Ә.Болғанбаевтың «Қазақ тіліндегі синонимдер» сөздігінде мәндес сөздер беріледі де, олардың әрқайсысына көркем әдебиеттен мысалдар беріледі. Оның үлгісі мынадай: ар, ұждан, намыс, ұят, шам. Адам бойындағы адамгершілік ізгі қасиеттер. Өмір сүрген ортадағы жан сезімнің тазалығы. Ар адамның өз тәртібін өзі қадағалауына негіз болатын аса маңызды моральдық қасиет, адамгершілік фактор (ҚСЭ). Ұждан адамның өз мінез-құлқын бақылау, қадағалау, оған белгілі бір шек қойып мүлтіксіз орындау қабілетін бейнелейтін этика категориясы (ҚСЭ). Намыс әркім өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортадағы қоғамдық пікірді қорғай алуын қамтамасыз ететін сана-сезімнің дәрежесі («Қаз.әдебиеті»). Ұят адамның қоғамдық-моральдық принциптерге үйлеспейтін жағымсыз, теріс қылық жасалған кезде байқалатын сезімі («Қаз.әдеб.»). Үйінен не көреді шықпаған жан, Өзге озық деген сөздің бәрі оған шам (Ғ.Орманов). «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі» толықтырылып, Ә.Болғанбаев, С.Бизақов, Ш.Дәулетқұловтың авторлығымен 2005 жылы қайта шықты. Сөздіктегі синонимдердің берілу үлгісіне назар аударайық:
Армандау, қиялдау, үміттену. Ойлаған мақсатқа жетемін деп құмарту, аңсап, үміт арту. Жәкең де соны сендей армандаған, Арманнан бір оңаша қалған ба адам (Ғ.Қайырбеков). Қазір ат үстінде қиялдап келе жатқан Нұрила былтырғы көктемнің қиын кезеңін ойға түсіреді («Шопан сырласы»). Орман ішінен өз адамдарымды ұшырамын деп үміттендім (Қ.Қайсенов) [7, 79].
Даму, өсу, өну, өркендеу, өрістеу, өрбу, өрлеу, қарыштау, қарқындау, гүлдену. Алға басып ілгерілеу, көркейе түсу. Соғыстан кейінгі жылдарда қазақстанда көркем аударма орасан өрістеді (М.Қаратаев) [7, 185].
Диалектологиялық сөздік. Сөздіктің бұл түріне жергілікті сөйлеу тіліне тән тілдік ерекшелікті білдіретін, әдеби тілден тыс сөздер енеді. Сөздіктің негізгі құрамына әдеби тілде қолданылмайтын, норма болып қалыптаспаған белгілі бір таралу шегі бар тілдік бірліктер (лексикалық диалектизмдер, грамматикалық диалектизмдер) енеді. Диалектологиялық сөздіктерде белгілі бір сөздің таралу аймағы, қай облыс, қай ауданға тән екендігі көрсетіліп, одан кейін әдеби тілдегі нұсқасымен қатар көрсетіледі.
1955 жылы алғаш рет Ж.Досқараевтың «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» деген сөздік жарық көрген болатын. Онда диалект сөздерге түсінік беріп қана қоймай, ол сөзді туыс түркі тілдері жүйесімен, монғол тілдері материалдарымен салыстырады. Бұл жағынан алғанда сөздік тарихи лексикологияның міндетін атқарады.
1959 жылы С.Аманжоловтың «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» жарық көреді. Бұнда әрбір сөзге екі тілде (орысша және қазақша) түсінік беріліп, қай аймақта қолданылатынын, қандай әдебиеттерден алынғаны көрсетіледі. 1969 жылы Тіл білімі институты тарапынан «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» жарық көрді. Бұл сөздікте 6000-мыңға жуық сөз қамтылған. Сөздікте берілген сөздік-мақаланың берілуіне мысал келтірсек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет