1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет63/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Лингвистикалық сөздіктердің негізгі түрлері. Лингвистикалық сөздіктер жалпы және арнаулы сөздіктер болып екіге бөлінеді. Жалпы сөздіктерге түсіндірме сөздік, орфографиялық, аударма сөздіктер жатады. Бұлардың жалпы сөздік деп аталуы қамтылатын сөздерге байланысты. Аталған сөздіктер мақсатқа байланысты толық та, ықшамдалып та алына береді. Ал арнаулы сөздікке белгілі бір салаға байланысты сөздер ғана алынады. Мысалы: синонимдер сөздігі, антонимдер сөздігі, терминдер сөздігі т.б.
Аударма сөздік екі немесе одан да көп тілді болуы мүмкін. Көп тілді сөздік аз кездеседі. Негізінен, екі тілді сөздіктер жиі кездеседі. Аударма сөздік өзге бір тілдің сөздік құрамын үйрену үшін түзіледі. Қазақ лексикографиясында орысша-қазақша, парсыша-қазақша, арабша-қазақша сөздіктердің шығуы орыс, парсы, араб тілін үйрену мақсатымен жасалған.
Аударма сөздіктердің өзі жалпы және арнаулы сөздіктер болып екіге бөлінеді. Егер бір тілдің лексикасын үйрену үшін жасалған сөздіктерде жеке сөздермен бірге сол тілдің фразеологиялық жүйесі де қамтылатын болса, онда бұл сөздіктер жалпы аударма сөздіктер ретінде танылады.
Ана тілі сөздіктері. Ана тілі сөздіктерінде реестрге алынатын сөз де, түсінік те ана тілі материалымен беріледі. Ана тілі сөздіктері жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері мыналар: 1) түсіндірме сөздік, 2) орфографиялық сөздік, 3) орфоэпиялық сөздік, 4) жиілік сөздік, 5) кері сөздік, 6) фразеологиялық сөздік, 7) синонимдер сөздігі, 8) антонимдер сөздігі, 9) диалектологиялық сөздік, 10) терминологиялық сөздік, 11) этимологиялық сөздік, 12) жеке жазушы тілінің сөздігі.
Түсіндірме сөздік – қай ұлттың не халықтың болмасын, лексикалық құрамын, тіл байлығын танытатын сөздіктің түрі. Түсіндірме сөздікте сөз не сөз орнына қолданылатын тіркестердің мағынасы түсіндіріледі. Сондай-ақ, түсіндірілетін сөздің грамматикалық, стилистикалық, фразеологиялық ерекшеліктері көрсетілетіндей белгілер қойылады. Түсініктен кейін сөз мағынасына мысал беріледі. Реестр сөздің анықтамасы, оған берілген грамматикалық белгі және шығу төркіні мен қай стильге жататындығы туралы белгілер, бұларға келтірілген түрлі мысалдар сөздік мақала деп аталады.
Академик І.Кеңесбаев түсіндірме сөздіктерді түзуде қазақ тілінің табиғатына сәйкес мағынаның мынадай түрлерін негізге алғандығын айтады:
а) бастапқы атауыштық және жанама атауыштық мағынадан тұратын сөздің тура мағынасы;
ә) сөздің ауыспалы мағынасы (еркін емес немесе атауыштық-туынды);
б) фразеологиялық байлаулы мағына;
в) мағыналық реңктер мен сөздің қолданыстағы мағынасы [4, 1].
Түсіндірме сөздік қазақ тілінде алғаш екі том болып 1959 және 1961 жылы шықты. Кейін тіліміздегі бүкіл сөздерді қамту мақсатымен 1974-1986 жылдары 10 томдық «Қазақ тілі түсіндірме сөздігі» жарық көрді. Осы сөздіктен үлгі ретінде жіп сөзіне берілген сөздік мақаланы негізге алсақ:
Жіп 1. Жүн, мақта, кендір сияқты нәрседен заттарды тігу, тоқу, байлау үшін жіңішке етіп, иірілген бау, зат.

  1. Ауыс. Бір нәрсені байланыстырушы дәнекері, шет жағасы. Гүлжан әңгіме жібін суыртпақтады.

  2. Фразеологиялық байлаулы мағынасы:

Жібі бос (бостау) – иі жұмсақ, көңілшек.
Жібі босады: а) ұнжырғасы түсті;
ә) бәсеңсіп, істі босаңсытты.
Жібін ағытты ‒ ішіндегісін ақтарып салды.
Жібін тартып көрді – байқады, сынады.
Жібін ширатты – пысытты, сергітті.
Жібі түзу – а) тәп-тәуір; жөнді.
ә) жарамды,жақсы.
Жіпке тізді – жоқ-барды есептеп тізіп отырды.
Жіп сабақтап көрмеген – өмірінде ешнәрсе істемеген.
Жіп тақты (этногр.) – иеленді, иемденіп алды.
Осы он томдық сөздіктің негізінде кейін енген жиі қолданыстағы сөдермен толықтырылып, 1999 жылы І томдық «Қазақ тілінің сөздігі» басылып шықты (50 000 мыңғы жуық сөз қамтылған).
2006 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасы бойынша «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» атты түсіндірмелі сөздіктің он бес томдығы жарық көрді. Жалпы редакциясын басқарған ‒ А.Ысқақов, Н.Уәли.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет