1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Қазіргі қазақ тілі сөздік құрамындағы сөздер омонимдік, синонимдік қатынаста болумен бірге антонимдік қатынаста



бет23/53
Дата18.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43816
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
Байланысты:
лекция (1)

5. Қазіргі қазақ тілі сөздік құрамындағы сөздер омонимдік, синонимдік қатынаста болумен бірге антонимдік қатынаста да кездеседі. Антонимдік қатынастағы сөздер өзара қарама-қарсы мағынада қолданылады да, жеке топ құрайды. Мысалы, жақсы-жаман, үлкен-кіші, жоғары-төмен, кел-кет т. б. Антонимдер әртүрлі түбірден де, түбірлес сөздерден де жасалуы мүмкін. Түбірлес сөздерден жасалған антонимдердің сөздегі мағынасы еш уақытта қарсы мағынаны аңғартпайтыны белгілі. Сондықтан түбірлес сөздердің антонимдес сөзге айналуы жұрнақтың қызметімен тікелей байланысты: әлді-әлсіз, көрікті-көріксіз, ұтыс-ұтылыс, жеңіс-жеңіліс.
Бірақ бұл топқа етістіктің болымды және болымсыз формаларын жатқызуға болмайды. Мәселен, келді - келмеді, барды - бармады, сенді – сенбеді, ұйқылы ‐ ұйқысыз, көлікті ‐ көліксіз бірліктері ұғымдық жақтан қарсы қимылды, қарсы мәнді білдірмейді, бірін-бірі жоққа шығарады. Сондықтан бұларды антонимдік парадигма қатарына жатқыза алмаймыз. Сондай-ақ, емес сөзімен келген сөздер де етістіктің болымды түрімен антонимдік қатынас құрай алмайды: берген-берген емес, күлген-күлген емес.
Алайда емес сөзі сын-сапаны білдіретін сөздермен келіп, антонимдес мағынаны аңғартатын сияқтанып тұруы мүмкін. Мысалы: ұзын-ұзын емес, жақсы-жақсы емес. Бірақ бұларды да антонимдес сөздерге жатқызуға болмайды. Себебі ұзын емес, жақсы емес сөздері ұзын, жақсы ұғымының кереғар қарсы тұрған мағынасы емес. Ұзын сөзінің антонимі қысқа, жақсы сөзінің антонимі жаман болады, ал ұзын емес, жақсы емес сөздері сол екі аралықтағы сапаны көрсетуші үшінші ұғым. Мысалы, ұзын емес дегенде ұзын да, қысқа да емес, жақсы емес дегенде жақсы да, жаман да емес орташа деген түсінік туады.
Ал әртүрлі түбірден болған антонимдердің пайда болуы түбір сөздердің лексикалық мағыналарының қарама-қарсылығына байланысты. Мысалы: ерте-кеш, жақын-алыс, ұзын-қысқа, күн-түн, ауыр-жеңіл, көңілді-қайғылы, аз-көп, тірі-өлі т. б. Кейбір сөздер көп мағыналы болғандықтан, олардың антонимдес сөздері бірнешеу болуы да мүмкін. Ауыр сөзінің тура мағынасы жеңіл деген сөзбен антоним болады. Ал ауыр есеп дегендегі ауыр сөзінің мағынасы оңай деген сөзбен, ауыр хабар дегендегі ауыр сөзі қуанышты сөзімен, ауыр қозғалды дегендегі ауыр сөзі тез деген сөзбен антонимдес болып келеді.
Антонимдес сөздердің сыңарлары өзара синонимдес те болып келеді. Мысалы, жат, бөгде, бөтен сөздері өзара синонимдес. Ал жақын, жекжат, ағайын сөздері әрі синонимдес, әрі жат, бөгде, бөтен сөздеріне антоним. Антонимдер әртүрлі сөз табына қатысты болып келеді, бірақ антонимдес сөздер қосарымен барлық уақытта бір сөз табына ғана тән болады. Мысалы: ыстық-суық, үлкен-кіші (сын есім), ұшу-қону, келу-кету, күлу-жылау (етістік), өмір-өлім, пайда-зиян, бай-кедей (зат есім), әрі-бері, ілгері-кейін, жылдам-жай (үстеу) т.б.
Антонимдерді дұрыс та орынды пайдаланса, оның сөйлемде стильдік айшық үшін мәні зор. Сондықтан да тіл байлығының маржаны болып есептелетін мақал-мәтелдердің көпшілігі антонимдес сөздерден құралған.
Мысалы:
Жақсы болар жігіттің
Жұмыссыз жүрген күні жоқ.
Жаман болар жігіттің
Еш жұмысқа қыры жоқ.
Көз қорқақ, қол батыр; істеу қиын, сынау оңай. Досыңның пышағымен мүйіз кес, дұшпаныңның пышағымен киіз кес, қой семірсе құт, ешкі семірсе жұт т. б.
Ойды әсерлі де сенімді жеткізу үшін көркем әдебиетте де антонимдерді жиі қолданады. Әсіресе белгі, сапаны қарсы қойып салыстыруды мақсат ететін антитеза әдісі жиі ұшырайды.
Мысалы:
Мың құбылған қуаныштан, дерттерден,
Қиын не бар адам жанын зерттеуден?
Мен келемін өз жанымды зерттеумен
Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.
Арзан не бар ойнау менен күлуден,
Қымбат не бар адам сырын білуден.
(М. Мақатаев).
Кейде сөз шеберлері қарама-қарсы ұғымдарды қатар синтаксистік тіркеске түсіріп, оксюморон жасау үшін де антонимдерді қолданады. Бұл әдіс көркем әдебиетте айтайын деген ойды көрнекілікпен салыстырып, нақтылап аша түсуге көмек береді.
Мысалы:
Алматының үстінде ұшып жүрген аққулар,
Қанаттарында сендердің сағыныш бар, тәтті у бар.
(Т. Молдағалиев).
Ел ұмытпас ерініп дұрыс ісің,
Бір буынның бірегей ірісісің.
Бақытсызбын – тірідей өлгендер көп,
Бақыттысың - өлгеннің тірісісің.
(Қ. Мырзалиев).
Контекстік антонимдер. Кейде бір зат пен екінші затты қарсы қойып салыстыру үшін мағыналарында қайшы мән жоқ сөздер де қолданылады. Ондай сөздер сол контексте ғана қарсы мағынада қолданылатындықтан контекстік антонимдер деп аталады.
Мысалы:
Бұлар мал емес, адам ғой.
(Ғ. Мүсірепов).
Мен-ашу да, сен ақылсың нәрі аққан
Сен-адамсың, мен аждаһа зәр атқан.
(М. Мақатаев).
Осы екі мысалдағы мал мен адам, ашу мен ақыл, адам мен аждаһаны контекстен тыс оқысақ, антонимдес сөздерге жатқыза алмаймыз. Ал авторлар өз сөйлемінде олары қайшы мәнде қолданған (2, 137-138 бб). Бұл әдіс сөйлеуде де, жазуда да жиі қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет