ақы жәрдемақы бейне таспа
өтемақы түсірілім
пәтерақы камера
сыйақы клип
төлемақы фильм
шәкіртақы баян
Біріккен, кіріккен сөздермен қатар кейінгі жылдары қос сөз түрінде келетін терминдер мен атауларды баспасөз беттерінен кездестіруге болады. Мәселен, арыз-тілек (петиция), әл-ауқат (благосотояния), көші-қон (миграция), өлім-жітім (летальность), сауда-саттық (аукион), іс-шара (мероприятия), іс-әрекетсіздік (бездеятельность). Сол сияқты терминжасам шығармашылығында сөздерді тіркестіру арқылы жасалған екі, үш сыңарлы атаулар елеулі орын алады. Қазіргі қазақ баспасөзінде мынадай екі-үш сыңарлы жаңа терминдер қолданылып жүр: айлық есептік көрсеткіш, жол-көлік оқиғасы, төлқұжат үстелі, ырықты экономика, біртұтас әкімшілендіру, жан сақтау, көлік құралы, дыбысжазғыш құралы, бірреттік жәрдемақы т.б. (1, 22-23 бб.).
4. Орыс тілі негізінде енген неологизмдер. Тілдің сөздік құрамына жаңа ұғымдармен, жаңа заттармен, техникамен бірге басқа тілдерден жаңа атаулар келіп енеді. Тіліміздің лексикалық құрамына орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден көптеген жаңа сөздер енді. Мысалы, трамвай, телеграмма, телефон, трест, купе, проза сөздері о баста неологизм ретінде енгенімен, қазіргі таңда бұл атаулар жалпыхалықтық сипатқа ие болып, неологизм дей алмайтын сатыға көтерліген. Дегенмен қазіргі таңда телеграмма атауының «жеделхат» түрінде аударылып, жиі қолданылатындығы белгілі. Тағы бір айт кететін жайт, қазіргі тілімізде бір бөлшегі төл сөз, екінші бөлшегі кірме сөз болып келетін атаулардың саны күрт өсті. Бұған мысал ретінде қазіргі баспасөз беттерінен алынған мынадай мысалдарды келтіруге болады: авиатасымал, автожолгеосаясат, велошабандоз, киноөндіріс, еуроодақ, биоотын, экоорталық, фотокөшірме, этносаясат, фотоайғақ, трансұлттық т.б.
5. Калькалау арқылы пайда болған неологизмдер. Неологизмдердің бұл түрі көп жағдайда баспасөз арқылы халық арасына кең тарап, жиі қолданылуына қарай тілдің лексикасына еніп қалыптасып кетеді. Жалпы тілдегі жаңа атаулар мен терминдердің жасалуында калькалау тәсілі өнімділік танытуда. Мысалы, ашық есік күні (день открытых дверей), сауда нүктесі (торговая точка), сенім телефоны (телефон доверия), зымырантасығыш (ракетаноситель) т.б. Бұлар толық калькалану нәтижесінде алынған күрделі атаулар. Бұған жартылай және семантикалық калькалану нәтижесінде жасалған атауларды қоссақ, бұлардың саны арта түспек.
Неологизмдер – тарихи категория, өйткені олар тек белгілі бір кезеңге дейін ғана жаңа сөз ретіндегі қалпын сақтайды да, бара-бара қалыптасып тілдің сөздік құрамына енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |