1 бақылау тапсырмасы Дауысты фонемалар жүйесі. Дауысты дыбыстардың алмасуы Мақсаты



бет1/3
Дата06.03.2023
өлшемі20,88 Kb.
#71883
  1   2   3
Байланысты:
1-тапсырма


1 бақылау тапсырмасы


Дауысты фонемалар жүйесі. Дауысты дыбыстардың алмасуы


Мақсаты:
Дауысты фонемалар жүйесі жөнінде берілген мәліметті баянды етіп бекіту, дауысты фонеманың өзіндік ерекшелігін ажырата алуға студентті дағдыландыру, дыбыстардың сөйлеу кезіндегі өзгерісі мен олардың заңдылығының байланысын байқатып, оны түсінуге, ол жөніндегі білімін жүйеге келтіруге, оларды ажырата білуге үйрету.


Дәйектеме:
Жалпы фонология және дауысты фонемалар жүйесі жөніндегі мәлімет – тіл білімінің аса күрделі әрі өте маңызды бөлімі. Өйткені студент фонологиялық заңдылықты түсініп саналы түрде оқығанда ғана, олардың терең, сапалы түрде білімі қалыптасады.


Сұрақтар:

  1. Фонема деген не? Дыбыс пен фонеманың байланысы (арақатынасы) қандай? Аллофон деген не?

  2. Фонеманың қандай белгілері бар?

  3. Дауыстылардың топтастырылуы қалай?

  4. Дауыстылардың монофтонг, дифтонг болып бөліну себебі, олардың ерекшелігі қандай?

  5. Дауысты фонеманың фонетикалық түрі (вариант, вариациясы) бола ма?



ТАПСЫРМА:

  1. Сөйлемдегі сөздердің дауыстыларын талдай отырып, олардың монофтонгын екінші бағанаға және тек қана әріптік (таңбалық) қызметте жұмсалып тұрғанын үшінші бағанаға теріп алып орналастырыңыз. Үш бағанаға бөліп саралау себебін дәлелдеп, жан-жақты талдаңыз.

  2. Өлең шумағындағы сөздердің дауысты фонемасын түгел теріп жазып, олардың әрқайсысын жеке-жеке акустика-артикуляциялық ерекшелігіне қарай толық сипаттама беріңіз.

  3. Берілген жеке сөздердің барлық дауысты фонемасын мынадай түрге топтап алыңыз: а) дауыстыны айту кезінде ауыз қуысындағы үннің (ауаның) мөлшеріне қарай;

ә) тілдің қатысына қарай;
б) жақтың қатысына қарай;
в) сөз ішінде, буын құрамында қолданылатын орнына қарай;
г) үнінің ішкі сапасына қарай.

  1. Әрбір екі дауысты фонеманы салыстырып, олардың бір-бірімен ұқсастығын, бірінен екіншісінің айырмасын нақтылы көрсетіп жазыңыз.

  2. Морфонологиялық дыбыс алмасуына тоқталып, мысал келтіріңіз:

а) жуан-жіңішке дауыстылардың алмасуы
ә) ашық-қысаң дауыстылардың алмасуы
б) еріндік-езулік дауыстылардың алмасуы


1.
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан
Анық төмен болмай ма хайуаннан?
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былағаннан (Ш.Құдайбердіұлы).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет