Дәстүрлі бағалау :
-жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер;
-бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады;
-бағалау тек мұғалімнің билігінде;
-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады;
-оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді);
-тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі;
-бағалаудың жалғыз мақсаты – қойылатын бағаны анықтау;
-оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.
3.Әр түрлі мемлекеттердегі бағалау жүйесін: Англия, АҚШ, Финляндия, Канада, Сингапур, Жаңа Зеландия бойынша көрсетіңіз.
Білім алу барлық елге ортақ. Дегенмен, әр елдің танымына, қоғамдық жағдайларына байланысты оқу жүйесі, заңдылықтары әртүрлі болары анық. Мысалы, сингапурлық оқушылар қаңтар айынан бастап оқиды.
Әр түрлі елдердегі бағалау жүйелері
Жақын шет елдерде де оқушьшардың оқу жетістіктерін бағалауда эр түрлі нүсқалар бар: мысалы, Украина 12 балдық жүйеге ауысты; Балтық жағалауындағы елдер англосаксондық жүйені дүрыс санайды. Тек Эстонияда элі де 5 балдық жүйе қолданылып келеді (1 деген баға да бар, ол тапсырманы орындамаған жағдайда қойылады). Беларусь, Молдавия, Грузия 10- балдық жүйеге ауысты. Кейбір оку мекемелерінде орташа баганы шығару үшін жоғарыда көрсетілген багаларды балға қайта есептеу пайдаланьшады. Мысалы, 1 деген баға 15 бал, 2 деген баға 12 бал, 3- 9 бал, 4 - ол 6 балл, 5 - ол 3 бал, 6 - ол 0 балл. Қырғызстанда білімді бағалау үшін бесбалдық жүйені пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |