Споралар-бактерия тіршілігінің қолайсыз жағдайларында түзіледі және бактерияның түрінің сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Қарапайым және күрделі бояу тәсілдері. Анықтамасы және мысалдар. Грам әдісімен бояудың кезеңдері. Қарапайым бояу әдістерін микроорганизмдердің формаларын анықтау үшін қолданады, яғни препаратты бір бояумен бояу. Бұл кезде жағындыларды қандай да бір бояумен бояиды. Негізгі бояулардың ішінде: фенолды фукцинді, сафранилді, бейтарапты қызғылт,безуви,генциан күлгін қолданылады.
Күрделі бояу әдістерін жасуша құрылысы мен микроорганизмдердің дифференциациясын жасауда қолданылады. Күрделі және сонымен бірге универсальды бояу грамша бояу әдісі. Соған байланысты барлық микроорганизмдерді грамм оң және грамм терістерге бөледі. Клеткалық қабықша муреиннен тұрады. Клеткалық қабықшалардың бояғыштармен бояу қабiлетiне қарай грамм оң және грамм терiс деп ажыратады. Грамм бойынша бояу дегеніміз-бактериялардың бар жоғын, олардың грамы оң немесе теріс екенін анықтау үшін қолданылатын негізгі әдістердің бірі. Бұл тәсілді 1884 жылы дат ғалымы Христиан Иоким Грам ұсынған. Грам ұсынған тәсіл бойынша клеткалардың боялуы клетка қабықшасының құрамына байланысты.Грам оң бактерияларының клетка қабықшасының қалыңдығы 20-80нм құрайды. Грам теріс бактерияларының клетка қабықшасы көп қабатты, қалыңдығы 14-17нм құрайды. Грам терістерде тейхуй қышқылы болмайды. Грамоң бактериялар препаратты спиртпен оңдеу кезінде генициан көгілдірдің йодпен қосылысын ұстап қалады да, көгілдір түске б7оялады. Грам теріс бактериялар бұндай қасиетке ие емес, сондықтан спиртпен түссізденеді. Одан кейін спиртпен оңдеу кезінде олар ашық қызыл түске боялады. Грам оң бактериялардың клетка қабырғасы грам-теріс микробтардікіне қарағанда қалың және көптеген петидогликан полимерін иемденген. Сондықтан олар генцианвиолетпен тығыз байланысып, спиртпен әрекет жасағанда түссізденбейді. Грам-теріс бактериялардың клетка қабырғасы жұқа және оның құрамында пептидогликан аз мөлшерде болады. Осы себептен олар бояумен әлсіз боялып, спиртпен өңсізденеді. Грам-оң микробтар дақылынан жасалған препараттарда грам-теріс клеткалардың болуы мүмкін. Бұлар өлі немесе қабығы зақымдалған клеткалар.
Бекітілген жағындағы сүзгі қағаз арқылы генциан фиолеттің карбол-спирттік ерітіндісін тамызамыз.
1-2мин-қа люголь ерітіндісін тамызамыз
Этиль спртімен 30-60с бояудың күлгін түсі кеткенге дейін түссіздендіреміз.
Сумен шаямыз
1-2минут фуксиннің сулы ерітіндісімен бояп, сумен шаямыз, кептіріп микроскаптаймыз.
Грам оң бактериялар қою күлгін түске, грам теріс бактериялар-қызыл түске боялады. Грам әдісі бойынша бояу әдісі бояу нәтижесінде бактерияның клетка қабырғасының химиялық құрамы мен құрылыс ерекшеліктері анықталады. Фирмикутты бактериялар грам оң боялады. Грам оң бактерияларында-жасуша қабырғасы жуан, пептидогликаны 90пайыз, липополисахаридтер 10пайыз, тейхой қышқылы бар. Грациликутты бактериялар грам теріс боялады. Грам теріс бактерияларында пептидогликаны жіңішке 10пайыз, липополисахаридтер 90пайыз, тейхой қышқылы жоқ. Микроскоптан қараған кезде грам оң бактериялар қою көгілдір немесе күлгін түске, ал теріс бактериялардың клеткалары ашық қызыл түске боялады. Грам әдісімен бояу нәтижесі дақылдың жасына байланысты болады:ересек дақылдардағы өлі клеткалар грам теріс боялады.
Бояудың қарапайым әдістері есірткіні бір бояумен бояу деп аталады. Көбінесе фуксин, генциан күлгін, метилен көк қолданылады.
Бояудың күрделі әдістерімен бірдей препаратқа бірнеше бояғыш заттар әсер етеді, олардың біреуі негізгі деп аталады, ал басқалары қосымша деп аталады.
Грам бояу әдісі маңызды диагностикалық әдіс болып табылады. Грам түсіне қатысты барлық бактериялар грам-оң - қою күлгін және грам-теріс-қызғылт болып бөлінеді.
Ожешко Әдісі. Тұз қышқылының ерітіндісі бояғыштарды нашар қабылдайтын спораның қабығын босататын шөп ретінде қолданылады. Ожешко әдісімен споралар анықталады.
Нейссер әдісі волютин дәндерін анықтау үшін қолданылады. Жағынды сірке қышқылды метилен көкпен 2-3 минут боялады, бұл ретте бояғыш пен волютиннің химиялық өзара әрекеттесуі жүреді.
Бурри-Гинс әдісі капсула бактерияларын бояу үшін қолданылады және капсула бояғыштарды қабылдамайтындығына негізделген. Капсула бурри бойынша фонның теріс контрастымен анықталады.
Микроорганизмдерді бояудың әмбебап әдісі-Романовский-Гимзе (Азур, эозин және метилен көк қоспасы). Бұл әдіс риккетсияны, хламидиозды, спирохетті зерттеуде қолданылады.
Қышқылға төзімді бактерияларды Силь-Нильсен әдісі бойынша бояу