45.Балаларға арнап өтірік өлең жазыңыз Баласы қасқа айғырды өлтіріпті, Құдайым айтқызбасын өтірікті. Мың кісі бір тышқанға мінгесіпті, Бәрін де қасқа тышқан өлтіріпті. Міндім де ақсақ қоңыз аяңдадым, Аяңдап сол аяңмен қоян алдым. Қоянның бір әйдігін көрдім сонда, Көтеріп қоңызыма қоя алмадым. Бетімді топырақпен әбден жудым, Міндім де, инелікке сона қудым. Әйелім сол сонаға жерік болып, Оны да әйеліме бола қудым. Ойпырмай, аспанда бір лақ туды, Адамнан айнымайды құлақ-мұрны. Құдайым айтқызбасын өтірікті, Сол лақ мені жерге лақтырды. Жығылып, қол-аяғым қирап еді, Иіскелеп лақ келіп жылап тұрды.