Мемлекеттік еңбек инспекторының лауазымдық міндеттері.
Мемлекеттік бақылау жүргізудің мақсаты болып еңбек қауіпсіздігі және қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету табылады.
Мемлекеттік бақылау жұмыс берушінің немесе қызметкердің ЕҚ және ҚТ талаптарын орындауына мемлекеттік еңбек инспекторының тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
Тексерулер жоспарлық және жоспардан тыс деп бөлінеді. Жоспарлық – бұл еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жоспарлаған, Қазақстан Республикасының заңнамларымен белгіленген, алдыңғы тексерулерге қатысты уақыттық интервалдарды ескере отырып жүргізілетін тексеру. Жоспарлық тексеру кешенді болуы мүмкін, яғни басқа бақылаушы органдармен бірлесіп өткізілуі мүмкін. Жоспарлық тексеру бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бір реттен артық емес өткізіле алады, ал шағын кәсіпкерлік үшін – үш жылда бір реттен артық емес.
Жоспардан тыс тексерулер жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және қорғау талаптарын бұзу туралы жүгінуі жағдайында, және де мемлекеттік еңбек инспекторы қызметкерлердің өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін және ЕҚ және ҚТ бұзуды тез арада жоюды талап ететін фактілерді анықтаған жағдайда жүргізіледі. Жоспардан тыс тексерулер жүргізген жағдайда жоспарлық тексерулер басқа мерзімге ауыстырылады.
Тексерудің ұзақтығы, ерекше жағдайлардан басқа, он күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруді бастау алдында жұмыс берушіге келесі құжаттарды көрсетеді:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгілеген тәртіпте тіркелуі тиіс жоспарлық тексеруді тағайындау туралы акт;
2) қызметтік куәлік;
3) қажет болғанда – режимдік нысандарға келуге құзіретті органдардың рұқсаттамалары.
Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасайтын тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауап береді.
ҚР Еңбек кодексi
194-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері
Мемлекеттік еңбек инспекторлары:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;
5) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;
6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысуға;
7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
8) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті
Достарыңызбен бөлісу: |