1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Азаматтық хал актілерін тіркеу



бет58/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

163-бап. Азаматтық хал актілерін тіркеу 
Туу, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда тіркелуге тиіс. 
Ескерту. 163-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 
164-бап. Азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін 
органдар 
1. Азаматтық хал актілерін тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын бөлімдер жүргізеді. 
2. Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеуді қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі ұйымдастырады. 
Ескерту. 164-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
165-бап. Азаматтық хал актілерін тіркеу ережелері. 
Акт кітаптары 
1. Азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және күшін жою тәртібін белгілейтін ережелер , сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысанын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысанын, акт кітаптарын сақтаудың тәртібі мен мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді 
2. Азаматтық хал актілерін тіркеу ережелері, сондай-ақ некеге тұратын адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасы жағдайы туралы бірін-бірі хабардар ету, олардың болашақ ерлі-зайыптылар және ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актімен белгіленеді. 
166-бап. Мемлекеттік баж 
1. Тууды тіркеу, әке болуды анықтау, бала асырап алу, неке қию, некені бұзу, тегін, атын және әкесінің атын, ұлтын және жынысын өзгерту үшін, сондай-ақ туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілердің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктер және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталап куәліктер беру үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж алынады. 
2. Қайтыс болуды тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты куәліктер беру Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес мемлекеттік баж алынбай жүргізіледі. 
Ескерту. 166 бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24 N 276 Заңымен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет