Байланысты: Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)
3. Ұжымды басқаруға қойылатын психологиялық талаптардың шешімін табыңыз (Стивен П.Роббинс, Тимати А.Джадж Ұйымдық мінез-құлық негіздері) еңбегі бойынша Кітаптан нақты ештеңе таппадым Ұйымдық мінез-құлық – жеке адамның, топтың және құрылымның ұйымдардағы мінез-құлыққа тигізетін әсерін зерттейтін және сол білімді ұйымның тиімділігін жақсартуға жұмсауды мақсат ететін зерттеу саласы. Бұл анықтаманы ә дегеннен түсіну қиын, енді осыны тарқатайық. Ұйымдық мінез-құлық – жалпы білім жүйесі бар, зерттеу нысаны айқындалған зерттеу саласы. Ол нақты нені зерттейді?
Ол ұйымдардағы мінез-құлықтың үш шешуші факторын зерттейді: жеке адам, топтар және құрылым. Сонымен қатар ұйымдық мінез-құлық жеке адамның, топтардың және құрылымның мінез-құлыққа ықпалы туралы білімді ұйымдардың жұмысын анағұрлым тиімді ету үшін қолданады. Анықтамамызды қорыта айтсақ, ұйымдық мінез-құлық – адамдардың ұйымдағы іс-әрекеттері мен олардың мінез-құлқы ұйымның өнімділігіне қалай әсер ететінін зерттеу. Ұйымдық мінез-құлық жұмыспен байланысты жағдайларға қатысты болғандықтан, мінез-құлықты жұмысқа қанағаттану, жұмысқа шықпай қалу, жұмыстан кету, өнімділік, адам әрекетінің нәтижелілігі және менеджмент тұрғысынан қарастырады. Дегенмен әрқайсының салыстырмалы түрде алғанда маңыздылығы туралы пікірталас та жоқ емес. Сонымен, ұйымдық мінез-құлық мынадай өзекті тақырыптарды қамтиды: • мотивация; • жетекшінің мінез-құлқы және билік; • тұлғааралық қатынас; • топ құрылымы және процестер; • қатынастардың дамуы және қабылдау; • өзгеріс процестері; • конфликт және келіссөз; • жұмысты жобалау.
МЕНЕДЖЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАР • Жалпылама қорытындылаудан аулақ болыңыз, олардың кейбірі адамның мінез-құлқы туралы дұрыс түсінік бергенімен, көбі қате. Адамды танып-білуге, жағдайды дұрыс бағалауға ұмтылыңыз. • Себеп-салдар байланысын түсіндіру үшін болжамдарды емес, көрсеткіштерді пайдаланыңыз. Табыстылық – ұйымның өз мақсаттарына ең аз шығынмен жету деңгейі. Ұйымның өміршеңдігі – ұйымның ұзақ уақыт бойы сақталып, өркендеуінің қарапайым көрсеткіші. Өнімділік – ұйымның тиімділігі мен нәтижелілігінің үйлесуі. Тиімділік – ұйымның клиент немесе сатып алушы қажеттіліктерін өтеу деңгейі. • Жетекшілік әлеуетіңізді көтеру үшін тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларыңызды көтеріңіз. • Ұйымдық мінез-құлық трендтері, Big Data тақырыптары бойынша курстардан өтіп, техникалық және ой тұжырымдау дағдыларыңызды жетілдіріңіз. • Ұйымдық мінез-құлық қызметкерлеріңізге өкілеттік беру, өзгеріс бағдарламаларын жобалау және іске асыру, клиенттерге қызмет көрсетуді жақсарту жолдарын көрсету арқылы қызметкерлеріңіздің жұмыс сапасы мен өнімділігін арттырып, жұмысындағы, жеке өміріндегі кикілжіңдерін реттеуге көмектесе алады.