1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы



бет32/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

Анархия не либерал стиль. Бұл басқару түрі ұжымға толықтай еркіндік береді. Бұл ұйымда сағаттан сағатқа созылған жиналыстарға орын жоқ, сол себептен қызметкерлердің жұмыс өнімділігі де арта түседі. Тек қызметкерлерге арналған белгілі бір стандарттар ғана бар. Басқарушыға кім қалай жұмыс істеп жатқаны еш маңызды емес, тек уақытылы жақсы нәтиже көрсете білсе болғаны. Бұл жауапкершілігі мол, шығармашылыққа жаны жақын адамдарға таптырмас жұмыс. Анархия стилі ұжымдағы жүгенсіздікке, тәртіп жоғалуына себеп болуы мүмкін, алайда кей қызметкерлер басшы тарапынан қысым көрмеген жағдайда, керісінше, еркін түрде жақсы жұмыс істеуі мүмкін.
Басқарудың қанша түрі болса да, жақсы басшы әр іске икемді болып, әр стильден өзіне қажеттісін алып, қажетсізін қоқысқа салып отыруы керек. Тек бір стильден екінші стильге ақырындап, байыппен көшу керегін естен шығармаса болғаны.


33.Басқарушылық шиеленістерді шешу мәселесін талдаңыз
Басқару психологиясында шиеленістің себептерін бөлудің əртүрлі 
негіздемелеріне байланысты жіктейді. Сонымен, мысалы: В. Линкольн 
бойынша шиеленістердің жіктеу негізі ретінде олардың көздерін, оларға 
себеп болатын ақпарат, құрылым, құндылықтар, қарым-қатынастар мен 
мінез-құлық сияқты факторларды қарастырады [33]. Осыған сəйкес 
шиеленістер себептерінің бес тобын бөледі.
Шиеленістердің бірінші тобы – бір жақ үшін тиімді ақпаратпен 
жəне келесі жақ үшін тиімсіз ақпаратпен келісілген. Олар іскерлік 
қатынас жөніндегі серіктестерге жалған ақпарат тарататын өсектер, 
жеткіліксіз жəне дəлелсіз деректер; ақпаратты əдейі жасырудағы не-
месе жариялауындағы күдіктер болу мүмкін.
Ұжымдағы формалды жəне формалды емес ұйымның, олардың 
арасындағы қақтығыстардың болуы шиеленістің пайда болуының 
келесі себебі болады. Авторлардың пікірі бойынша, осы шиеленістер 
əлеуметтік мəртебесінің, билік өкілеттіліктері мен міндеттемелерінің, 
мадақтау жəне жазалау, ұйым ішінде ресурстарды бөлу жəне т.б. про-
блемалармен байланысты.
Құндылық факторлары, яғни кейбір қызметкерлер жəне ұжым 
ішіндегі шағын топтар мақұлдайтын немесе бас тартатын қағидаттар, 
құндылықтар мен ұстанымдар, сондай-ақ, қарама-қайшылықтар пайда 
болу үшін негіз бола алады. Себептердің осы (үшінші) тобы əр жастағы 
топтардың педагогтары арасында, ұйым ардагерлері жəне жаңадан 
қабылданған қызметкерлер арасында көріну мүмкін. Көп жағдайларда 
осы себептер білім беру мекемесінде өз дəстүрлерімен, мінез-құлық 
нормаларымен, өзара қарым-қатынастардың құпия ережелерімен 
жəне т.б. білінетін əрқайсысының өз корпоративтік мəдениеті бар 
əртүрлі педагогикалық ұжымдар біріккен кезде орын алады. Əртүрлі 
кəсіби құндылықтар, жұмысқа деген қарым-қатынас, білім алушы-
лармен өзара əрекеттесу тəсілдері, қоғамдық жүктемелерге деген 
айырмашылық жəне басқасы – осының бəрі көп жағдайда шиеленіс 
қарым-қатынастардың алғашқы себебі болады.
Шиеленістердің пайда болу факторлары ретінде адамдар 
арасындағы қарым-қатынастар кəсіби қарым-қатынас үдерісіндегі 
өзара əрекеттен қанағаттану сезімімен немесе осы оң эмоциялардың 
жоқтығымен, ұжымдағы сезімнің деңгейіне байланысты. Автор-
лар себептердің төртінші тобын талдай отырып, сол кезде қарым-
қатынастар негізін (ерікті немесе мəжбүрлі), олардың мəнін (тəуелсіз, 
тəуелді, өзара байланысты), күштер теңгерімін, өзі жəне басқалар 
үшін қарым-қатынастардың маңыздылығын, тараптардың осы қарым-
қатынастардан тосуларын, қарым-қатынастар ұзақтығын, өмірлік жəне 
кəсіби тəжірибесіндегі айырмашылықтары жəне басқаларын ескеру 
маңызды екенін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет