1. Басмашылар қозғалысы



Дата27.04.2022
өлшемі13,46 Kb.
#32475
Байланысты:
тарих 2


1. Басмашылар қозғалысы.

Басмашы сөзі түркілердің «basmak» етістігінен пайда болған деген көзқарас бар. Бұл басу, бұзу деген мағынанаы береді. Кеңес Одағының аумағында кеңеске қарсы қозғалыс түрелерімен салыстырғанды ең жандысы Түркістандағы басмашылар қозғалысы болды. Кеңес әскерлерінің Түркістан Қоқан Автономиясы үкіметіне қарсы қанды қақатығыс күндерінің жеңіліснен соң да басмашылар қозғалысы ұзақ жылдар бойы көптеген халық арасында танымалдығын сақтап қалды. Түркістанда дәстүрлі қалыптасқан қоғамдық қатынастар мен тәртіпті революциялық шаралар арқылы түбегейлі қайта құру жолындағы алғашқы қадамын жергілікті халық жаға отаршыл мақсатты көздеген әрекет ретінде қабылдады. Басмашылар қозғалысының құрасмында тек феодалдық және дін басыларынан ғана тұрған жоқ, соымен қоса жеке қожалығы мен дәстүрлі тіршілігінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылып қалудан үрейленген орта шаруаалр мен қарапайым диқандар да тартылды. Түркістан өлкесінде жергілікті халық қолдарына қару алып, кеңестік билікке қарсы шығу алғашқы Ферғана облысында бой көтерді. Онда 1918 жылы көктемде құрбашы Ергеш, күзден бастап құрбашы Мадаминбек бастаған басмашылар тобы батыл қимылға көшті. Тек құрбашы Ергештің қол астында 1800-ге жуық қарулы жасақ болды. 1919 жылға қарай басмашылар тобының саны 150-ге жетті. Ондағы адамдарың саны 60 мыңға жуық болды. Басмашылардың көздеген ортақ мақсаты – Түркістан өлкесінің тәуелсіздігін қаллпына келтіру еді.


2. М. Шоқайдың саяси көзқарасы мен саяси қызметі.

Мұстафа Шоқай азаттық үшін күресте қазақ тарихында жаңа түрі мен кезеңді бастап берды, Оның «Жас Түркістан» сияқты журналы, «Түркістан кеңестер билігі езгісінде» сияқты белгілі еңбектері бар. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін шетелге ауып, большевиктік саясатқа қарсы күресін Мұстафа Шоқай өмірінің соңына дейін тоқтатпады. Оның ссаяси- әлеуметтік көзқарасынның өзгеруіне көп нарселер әсер етті. Оның алғашқысы  ұлт мәселесі деп ұмтыл­ған­да Мұстафа қазақ сияқты ұлттар өзінің сая­си-әлеуметтік, мемлекеттік құрылымын ав­тономия ретінде алады, мұның өзі бұра­та­наларды отарлық езгіден құтқарып, ха­лық­тың әлеуметтік халін жақсартады деп күт­кен еді.Тағы бірі Қазақстанға орыстардың қо­ныс тоқтатылса, қазақ жерін отарлау да тыйы­лып, қоғамдағы әлеуметтік қаты­нас­тар шиеленгені бәсеңдер еді деген терең ой жатыр.

3. А.Байтұрсынұлының В.И.Ленинге жолдаған хаттары, оларда большевиктер ұстанымына айтылған сын.

Қазан төңкерілісінен кейінгі қазақ халқының тағдыры, ұлттық автономия құру мәселелері туралы Ахмет Байтұрсынұлының 1920 жылы жолдаған хаттары. Бұл құжаттар ұлттың ғана емес, бүкіл түркі жұртының, шығыс әлемінің ортақ мақсат-мүдделерін жан-жақты, кең әсері терең жеткізген аса маңызды тарихи мұра болып табылады. 1920 жылдың 17 мамырындағы хатында Байтұрсынов Қазақстандағы тұңғыш кеңестік өкімет органы Қазақ ревкомының құрылғаннан бері 10 айлық қызметінің қорытындысын шығарып, Қазақстанды «халық толық сенетін қазақ зиялылары» басқаруы тиістігін жазды. 17 маусымдағы хатында және жазылған мерзімі көрсетілмеген тағы бір хатында Байтұрсынов Ленин тезисінде жеке өзінің сын-ескертпелері мен ұсыныстарын жолдады.



Қапар Раушан

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет