Зерттеудің нысанасы – дүниетану сабақтары негізінде қалыптастырылатын оқушылардың дүниетанымы.
Зерттеудің пәні – бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымының қалыптасу процесі.
Зерттеудің болжамы: егер де дүниетану сабақтарында ойын әдісі мен ойын элементтерін тиімді қолдансақ, онда бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын жоғары деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік аламыз.
Зерттеудің әдіснамалық негізі болып: таным теориясы, болмыстың, табиғаттың адам және қоғамның біртұтастық байланыста өзара сабақтастықта қаралуы зерттеудің методологиялық негізін құрайды. Табиғат, қоғам, адамның өзара байланысы мен дидактикалық бірлігі туралы ілімдерді қамтып көрсеткен таным теориясы; құндылық теориясы.